Облыс орталығында Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылауға арналған форум өтті. Шара аясында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов білікті мамандарды даярлайтын өңірдегі бірқатар колледждер мен кәсіпорындарды марапаттады. Рет – ретімен сюжеттен көрелік.
Бүгінде 5 мыңнан астам студент дуалды оқыту жүйесі бойынша өндірісте білім алып жатыр. Бір жыл бұрын колледждерге қолдау көрсететін кәсіпорындар саны 30 болса, қазіргі таңда олардың қатары 200-ден асқан. Шарада «Жылдың үздік меценаты» номинациясы «Казцинк» ЖШС-не, «Үздік әлеуметтік серіктес» номинациясы Өскемен титан-магний комбинатына, Үлбі металлургиялық зауытына, Біріккен энергосервистік компанияға және тағы бірнеше кәсіпорынға берілді.
Ерболат Әлпиев, «БЭСК» АҚ Алтай аймағының директоры:
Біздің аймаққа негізінен 180-нен артық азаматтар керек. Оның ішінде электромонтерлар, слесарьлар, азаматтар жетіспейді. Шеберлер де жетіспейді. сондықтан биылғы біздің президентіміздің жұмысшы жылы деп аталғандықтан қазір біздер өте көптеген колледждер, университеттер, институттармен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Дуалды оқытудың арқасында бірқатар азаматтар бізге жұмысқа кіріп жатыр.
Бұдан бөлек, «Жылдың белсенді колледжі», «Үздіксіз білім беру серіктесі» сынды номинациялары да табысталды. Олардың қатарында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті бар.
Ирина Ровнякова, с.аманжолов атындағы шқу стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры:
Жұмысшы мамандықтар бойынша бүкіл білім жеру жүйесі жаңа технологияларды меңгерген. Біз мықты кадрларды даярлауда өз күшімізді саламыз.Студенттер екінші курстан бастап өндірістік тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдайды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көп. Форум аясында «WorldSkills», «AgroSkills» және «Abilympics-2025» республикалық чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Оларға облыс әкімінің атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Айдар Рахым, Республикалық чемпионат жүлдегері:
«WorldSkills» чемпионатында күміс жүлдемен оралдым. Жақсы результат көрсеттік. Шанхайға мировойға барамыз деген үміттеміз. Ол кезде бізде 19 регионнан қатысушылар қатысты. соның арасынан күміс жүлдемен оралдық. осының бәрі тек еңбектің арқасында. Мұғалімдеріме рахмет айтамын ең бастысы солардың арқасында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы еліміз үшін ерекше маңызға ие. Жыл бойы осы бағытта облыста айтарлықтай жұмыс жүргізілді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Мамандықтар ашылды. Шеберханалар мен зертханалар кезең – кезеңімен жаңартылуда. мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаюда биылғы жылы. Оқу орындарының материалдық – техникалық базаларын нығайту, жаңартуға 348 млн тг және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 178 млн тг бөліп отырмын.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Гүлдана Айдарқызы