Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай әуесқой командалар арасында волейболдан турнир өтті. Дәстүрге айналған жарыс биыл бесінші мәрте ұйымдастырылып, аймаққа қарасты аудан мен қалалардан келген спортшыларды бір арнаға тоғыстырды.
Волейбол спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыстың салтанатты ашылуы Өскемен қаласының № 44 мектебінде өтті. Көрермендер назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, жарысты өткізу регламенті түсіндірілді. Салтанатты шарада облыс орталығының әкімі Алматы Ақышов сөз сөйледі.
Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:
Желтоқсан боздақтарын мәңгілік есте сақтау біздің міндетіміз. Сондықтан тәуелсіздікті әкеліп берген апаларымыз бен ағаларымыздың есімін өшірмей, Тәуелсіздікті нығайту біздің болашағымыздың сенімді бір міндеті деп санаймын. Бүгінгі туринирге бірінші рет қатысып отырмын.
Тартысты өткен ойында командалар жоғары дайындықтарын көрсетті. Көрермендер жағы спортшыларға қолдау көрсетті. Турнирге Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан келген 10 команда қатысты.
Ілияс Ботанов, жарысқа қатысушы:
Мен Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылының баласымын. Біздің командада 12 бала. Біз осы жарысқа 2-ші рет қатысып жатырмыз. Сонымен қатар бұл жарысқа 1 жылдай дайындалдық.
Жандос Мырзекеев, жарысқа қатысушы:
Бүгінгі жарысқа біз Тарбаағатай ауданының атынан шығып отырмыз. Командамызда 10 адам. Осы жарысқа қатысып жатқан қатысушыларға жақсы жарыс тілеймін.
Турнир қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынға Катонқарағай құрамасы табан тіреді. Тарбағатай жастары үздік үштікті түйіндеді.
Аяулым Усинова