Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Алтай ауданының білім беру ұйымдары мен болашақ түлектердің кездесуі өтті. Бұл басқосудың мақсаты – жас мамандарды аудан мектептеріне тарту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстыру. Кездесу барысында білім беру саласындағы бос орындар ұсынылып, түлектер мен жұмыс берушілер арасында тікелей пікір алмасу жүрді. Шараға ұстаздар, аудан өкілдері және студенттер қатысты.
Жыл сайын дәстүрге айналған бұл кездесу – білім саласындағы маман тапшылығын азайтуға бағытталған. Шараға Алтай ауданының білім бөлімінің басшылығы, аудан мектептерінің директорлары, ұстаздар және болашақ түлектер қатысты. Оларға ауданның еңбек нарығындағы нақты сұраныстар таныстырылды. Қазір ауданда жаратылыстану-математика бағыты бойынша мамандарға сұраныс өте жоғары. Сондай-ақ гуманитарлық бағыттағы – тарих, орыс және ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары тапшы. Бұған қоса бастауыш сынып мұғалімдерінің жетіспеушілігі де бар. Осындай кездесулер болашақ мұғалімдерге нақты ұсыныстарды естуге, мектеп өкілдерімен бетпе-бет сөйлесуге және жұмысқа орналасу талаптарын алдын ала білуге мүмкіндік береді.
Динара Қостаева, Полянское орта мектебінің директоры:
Жаңағы бізге бір жақсы мүмкіндік балалар үшін болып тұр сіздердің түлектеріңізге. Бұл болашақ мысалы, мамандарды өзімізге қарай тарту. Бізде балалар, болашақ мамандар, жас мамандар үшін көптеген жағдайлар жасалған. Бұл ең біріншіден үймен қамтамасыз ету, жұмыс орнымен қамтамасыз ету. Жаңағы атап айтқандай бізде тағы да бір фермалар ашылып жатыр. Бұл сүт өнімдерді, сүт өнімдері фермасы ашылып жатыр. Бұл жерде жалғыз тек қана мұғалімге емес, егерде болашақта мысалы тұрмыс құрамын, отбасы құрамын десе отбасына, жұбайларына да жұмыс орны болады.Білім ордасы басшылары жас мамандарды аудан мектептеріне шақырып, еңбек жағдайларымен таныстыруда. Әсіресе ауылды елді мекендерге барған мамандарға қосымша қолдау көрсету тетіктері бар. Жас ұстаздардың кәсіби дамуына жағдай жасалып, әдістемелік қолдау мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілетіні де аталып өтті. Болашақ түлектер үшін мұндай кездесулердің маңызы зор.
Бақытгүл Қанафина, Алтай ауданы білім бөлімінің басшысы:
Алтай ауданы жыл сайын дәстүрлі түрде жоғарғы оқу орнының түлектерімен кездесу өткізеді. Түлектер аудан туралы толық ақпарат алып, өз мамандықтарының еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие екенін біле алады. Бізге қазір жаратылыстану-математика бағытындағы мамандар керек. Әсіресе математика, тарих, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Бастауыш сынып мұғалімері бойынша да өткір тапшылық бар.
Алтай ауданы жыл сайын жас мұғалімдерді тарту бағытында жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Биылғы кездесу де мектептерді білікті кадрлармен толықтыруға серпін береді деп күтілуде.
Талант Тұрсынов