Аймақта Семей ядролық полигоны салдарын жоюдың тиімді тетіктері және өңірлік реабилитациялық орталық ашу бастамасы көтерілді. «Байтақ» жасылдар партиясы облыс орталығында дөңгелек үстел өткізіп, мәселені шешу жолдарын қарастырды.

Алматы, Астана қалаларындағы реабилитациялық орталыққа сұраныс жыл санап артып келеді. Мәселен, былтыр бұл орталықтарға 580-нен астам адам жүгінсе, биыл жылдың алғашқы сегіз айында олардың саны 400-ге жуықтаған. Бұл жаңа орталық ашудың қажеттілігін дәлелдеп отыр,- дейді «Байтақ» партиясының ШҚОФ атқарушы хатшысы.

Алмаз Джакишев, «Байтақ» партиясының ШҚОФ атқарушы хатшысы

Семей ядролық полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтарына реабилитациялық ем дом алу шараларына байланысты дөңгелек үстел өткізіледі. Мақсат Шығыста, Абай облысында реабилитациялық орталық жоқ. Алматы, Астана қалаларына баруға мәжбүр. Неге өзімізде ашпасқа деген сұрақты көтеріп отырмыз.

Шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Семей полигоны кезіндегі мәселелерді көтерген азаматтар, экологтар, қоғам белсенділері қатысты.

Наргиз Дәулетбекова, Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының меңгерушісі

Қазіргі таңда бізде политехті бөлім потанина 6 көшесінде 1 корпус, 4 этажында орналасқан. 2024 жылы 273 науқас емделіп шыққан. 2025 ж 9 айда 261 науқас емделіп шыққан. Бұл ақпаратты беруім себебім, көбінесе 4 клиникалық топтағы науқастар ауыр жағдайдағы науқастар болып келеді.

Сала мамандары Семей ядролық полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтарға арнайы мамандандырылған медициналық орталықтың қажеттілігін айтуда. Бүгінде мүгедектігі бар адамдар санаторийлік-курорттық емдеуге жолдама алу үшін азамат өзінің учаскелік дәрігеріне жүгіну қажет. Барлығы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, биыл бұл мүмкіндікті 1080 адам пайдаланған.

Сая Жарасқызы