Күршім ауылындағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік мекемелерге орталық жылу берілді. Аудан орталығы болса да бұл елдімекендегі қазандықтың оты тоқсаныншы жылдары өшіп қалған. Мемлекеттік нысандар бұған дейін жеке автономиялық жылуға көшкен.Тек былтырдан бастап ескі қазандықтар қайта жаңартылып, іске қосылды.

Іске қосылған жаңа қазандықтың игілігін Күршімдегі төртінші мектеп бірінші көрді. Білім ошағы бұған дейін электр құрылғымен жылтылды. Кейде жылыту жүйесінен ақау шыққанда бес жүз бала оқитын ғимарат бірден суытатын. Оған қоса электр тарифі де қымбат болды. Енді мектептің жылу мәселесі біржола шешілді.

Қанағат Сләмова, мектеп директоры:

Бұрынғы кезде 8-7 миллион теңге дейін ақша төлеп жүрсек қазіргі кезде 2 миллион 600 мың теңге көлемінде ақша төлеп жүрміз. Яғни 4 миллион теңгеден астам қаражат үнемдеп жатырмыз. Біз өте қуаныштымыз.

Аудан орталығындағы екі-үш қабатты үйдегі әр пәтер бұрын жал пеш салған. Жоғарғы қабатқа көмір тасып, күл шығарып келген тұрғындар енді ол машақаттан құтылды.

Нәзира Әлинова, зейнеткер:

Бұрын жер үйде отырдық.Онда көмір жақтық.Қаладағы сияқтымыз ғой.Күл шығармаймыз.От жақпаймыз.Су төкпейміз.Бәрі ішінде.

Үміт Қалиақпарова, жас маман:

Мен негізі дипломмен ауылға бағдарламасына құжаттарымды өткізген болатынмын.Ойланып жүрген болатынмын келем ба, келмеймін ба,деп. Бір жақсы мүмкіндік өзім ата-анаммен тұрам. Олар үлкен кісілер болғандықтан барлық жағдай жасалған.

Былтырдан бері 5 қазандық іске қосылды. Бұрынғыдай әр мекеме жеке-жеке от жақпайды. Есесіне жылу жүйесін мамандар бір орталықтан қадағалайды.

Нұрлан Әпенов, қазандық жұмысшысы:

Жиырма төрт сағат жұмыс істейміз. Үш аусым. Қыстыңгүні 60+ градус темпратураны ұстаймыз. Күн жылы болғанда +50-55 градусты ұстаймыз.Маңайда үйлер,мекемелер бар.Солардың жылулығын қараймыз.

Күршім ауылында қазір 2 және 3 қабатты 36 үй бар. Көбісі өткен ғасырда салынған. Бүгінге дейін 21 көпқабатты баспана орталық жылуға қосылып құбыр толық жаңартылды.

Мейіржан Альбеков, күршім ауданының әкімі:

2025 жылдың өзінде 1,8 шықырымға дейін жаңа құбыр тартылды. -Былтыр қосылған қазандықтарға биыл жеке үйлер қосыла алады. Одан бөлек комерциялық нысандарға рұхсат береміз.

Биыл тағы бір қазандық салу үшін облыстық бюджеттен 274 млн. теңге бөлінбек. Нәтижесінде ауыл орталық жылуға толық қосылады. Ал инфрақұрылым жаңартылса әр отбасында жайлылық болады. Бұл шекарадағы аудан халқы үшін қазір ең басты мәселе.

Олжас Керейхан