Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті. Жиында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жай-жапсары талқыланды. Басқосуға салалық басқарма басшылары, қала мен аудан әкімдері қатысты.
Мамандардың сөзінше, бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін мемлекеттік қолдау тетіктері кеңінен қолданылып, инвестициялық жобаларға басымдық берілмек. Әсіресе, асыл тұқымды мал басын көбейту мен өндіріс тиімділігін арттыру қолға алынбақ.
Дамир Мамиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелеу. Несие мерзімі – 10 жылға дейін, мөлшерлемесі – жылдық 2,5%, жеңілдік кезеңі – 2 жылға дейін. Ет саласында бордақылау тиімділігі мен ет өнімінің сапасын арттыруға бағытталған австралиялық технология бойынша жобаларды іске асыру. Мега-бордақылау алаңдарын құру (5 мыңнан 100 мың басқа дейінгі ІҚМ жобалары). Жеңілдікпен несиелеу қарастырылған – мөлшерлемесі жылдық 2,5%, мерзімі 10 жылға дейін. Асыл тұқымды мал басын сатып алуға арналған несие өнімі («Игілік» бағдарламасы). Мөлшерлемесі – жылдық 6%, мерзімі – 7–10 жыл, жеңілдік кезеңі – 2 жыл. Бағдарлама мал шаруашылығының барлық бағыттарын, соның ішінде марал шаруашылығы мен омарта шаруашылығын қамтиды. ШҚО марал шаруашылығын несиелеуге 1,0 млрд теңге қарастырылған. Бұл шараны іске асыру табынның жаңаруын жеделдетуге және генетикалық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
Егін шаруашылығын қаржыландыру да маңызды бағыттардың бірі. Көктемгі егістік жұмыстарына ерте қамдану үшін шаруаларға жеңілдетілген несие беру жалғасуда.
Гүлнұр Солтанбаева, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚОФ директоры:
2025 жылдың қараша айында «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 2026 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру басталды. Бағдарлама аясында шаруаларға жылдық мөлшерлемесі 5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Қаражат маусым басталмай тұрып бөлінеді, бұл қожалық иелеріне жанар-жағармай, тұқым, тыңайтқыш және өсімдікті қорғау құралдарын алдын ала сатып алуға, техниканы жөндеуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары қаржыландыру көлемі айтарлықтай артты: 2023 жылы 140 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 500 млрд теңгеден асты. Қарыз сомасының 85 пайызына дейін «Даму» қоры кепілдік береді. Бұл тетік шаруалардың қаржыға қолжетімділігін жеңілдетіп, егіс жұмыстарына уақытылы әрі сапалы дайындалуына жол ашады.
Жиын барысында кешенді жоспардың орындалу барысы да қатаң бақылауда болатыны айтылды. Қала мен аудан әкімдері индикаторлардың орындалуы бойынша тұрақты есеп беруге міндеттелді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Жақсы ұсыныстарды Самат Қыдырмолданы әдейі барлық аудандарға жіберіп, жан-жақты зерделеніп, бір жыл ішінде жұмыстар жасалды. Қазіргі айтылып жатқан мәселелердің барлығы соның жемісі. Сондықтан мына Ұлытау облысының тәжірбиесін, мал бордақылау, мал сою алаңдары дойынша нақты ұсыныстарды мен келесі аптаның ішінде күтемін.
Облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жұмыстары нақты жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Аймақ басшысы қала мен аудан әкімдеріне бекітілген шараларды қадағалап, уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Нұртас Қайролдаев