Өңірлік коалиция мүшелері «Өскемен-Водоканал» кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Жиын барысында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Коалиция мүшелері еңбек ұжымына Ата заңның негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мазмұны жан-жақты түсіндірілді.

Өңірлік коалиция мүшелері Ата заң жобасындағы жаңашылдықтар мен олардың саяси жүйенің дамуына ықпалын жан-жақты түсіндіруді жалғастыруда. «Өскемен-Водоканал» кәсіпорнына барған коалиция мүшелері енді ел азаматтары табиғатты қорғап, қоршаған ортаның сақталуына жауапты екені нақты айқындалғанын айтты. Бұдан бөлек, адвокатура саласына қатысты бірқатар жаңа нормалар қабылданып, олардың құқықтары мен кәсіби қызметін жүзеге асыру тәртібі заңнамалық деңгейде нақтыланғанын жеткізді.

Шынар Боранғалиева, өңірлік коалиция мүшесі:

Алғашында қолданыстағы конституцияның 40 бабына өзгеріс еңгізу жоспарланған болатын алайда, мобильді қосымшалар арқылы келіп түскен өтініштер он мыңнан астам ұсыныстың негізінде жобаны қайта әзірлеу қажеттілігі туындады. Соның нәтижесінде Жаңа жоба қолданыстағы Конституцияның 84 пайызын жаңарды.

Жиын еркін диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын өңірлік коалиция мүшелеріне қойып, нақты әрі мазмұнды жауап алды.

Сая Жарасқызы