Аймақтағы мемлекеттік кірістер органдары азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырып, цифрлық жүйелерді жемісті қолданысқа енгізген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте департамент басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш мәлімдеді.

Облыста көрсетілетін 41 мемлекеттік қызметтің 95%-ы электронды форматта қолжетімді. Қызметтердің көпшілігін электрондық үкімет порталы, салық төлеушінің кабинеті, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business қосымшалары және екінші деңгейлі банктердің мобильді сервистері арқылы алуға болады.

Дінмұхаммед Жұманов, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

Сыртқы сауда айналымы 2025 жылы 3,6 млрд.АҚШ долларын, ал 2024 жылы 3,3 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде импорт 732,8 млн. АҚШ долларын, экспорт 2,9 млрд. АҚШ долларын құрады. 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда айналым көлемінің ұлғаюы 298,5 млн. АҚШ долларына экспорттың ұлғаюы есебінен болды.

Жыл қорытындысында 557 909 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 99,7 пайызы электронды форматта жүзеге асырылды. Қағаз түріндегі қызмет көлемі 30 пайызға қысқарып, бұл кезектерді азайтып, құжаттарды рәсімдеу мерзімін едәуір жеделдетті.Сонымен қатар өңірде «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» толық енгізілді. Аталған жүйе құжаттарды қарау уақытын қысқартып, салық төлеушілер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландырды. Ал өткен жылы мемлекеттік бюджеттің салықтық жоспары 105,4 пайызға орындалып, қазынаға қосымша 25,5 млрд теңге түскен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 155,2 пайызға артық.

Сайранқан Қабыш, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

Көтерме және бөлшек сауда; автомобиль және мотоциклдерді жөндеу- жалпы түсімдегі үлесі 13,2% немесе салық төлемдері 65,4 млрд.теңге сомасында түсті. Құрылыс - жалпы түсімдегі үлесі 8,4% немесе салық төлемдері 41,6 млрд.теңге сомасында түсті. 2025 жылы салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде республикалық бюджетке қосымша 22,8 млрд.теңге сомасында салықтар мен кедендік төлемдер түскен.

2025 жылы кірістердің басым бөлігі ірі кәсіпорындардан түсетін төлемдер, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген тауарларға салынатын ҚҚС, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптасты.

Бұл өзгеріс валюталық операцияларды бақылау жүйесін орталықтандыруға және сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

Аяулым Усинова