Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында аймақ басшысы ауданның экономикалық өсімі, инфрақұрылымды дамыту, туризм және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Кездесуге келген тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелеріне қатысты нақты жауап алды.

Қазіргі таңда ауданда жалпы инвестиция көлемі 12,6 млрд. теңгені құрайтын бес жылдық даму жоспары жүзеге асырылуда. Туризм және шағын кәсіпкерлік бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Оның аясында, «Приморск» туристік базасы кеңейтіліп, ет өңдеу цехы мен наубайхана ашылды. Сондай-ақ пантымен емдеу орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек ауданда, құны 1,4 млрд. теңге болатын асфальт бетон зауытының құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта жабдықтар орнатылып, зауыт жұмысын бастады.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

2025 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 14 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде меншікті кіріс - 2 млрд. теңгеге жуық немесе бюджет көлемінен 13,7%, жоғары тұрған бюджеттен түскен қаражат 11,5 млрд теңге, бұл ауданның меншікті кірісінен 6 есе жоғары Биылғы жылдың 10 айында аудан да 3 мың тоннадан астам ет өндірілді. Кәсіпкерлерге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 225,2 млн. теңгеге 19 несие берілді. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай жетістік бар. Аудандық ауруханаға жалпы құны 473,8 млн. теңгеге 6 бірлік медициналық жабдық алынды.2025 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 14 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде меншікті кіріс - 2 млрд. теңгеге жуық немесе бюджет көлемінен 13,7%, жоғары тұрған бюджеттен түскен қаражат 11,5 млрд теңге, бұл ауданның меншікті кірісінен 6 есе жоғары

Биылғы жылдың 10 айында аудан да 3 мың тоннадан астам ет өндірілді. Кәсіпкерлерге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 225,2 млн. теңгеге 19 несие берілді. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай жетістік бар. Аудандық ауруханаға жалпы құны 473,8 млн. теңгеге 6 бірлік медициналық жабдық алынды.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Майемер ауылында 204 млн теңге болатын медициналық пункт салындыАғымдағы жылы виброакустикалық аппарат сатып алынды. Ауданның денсаулық сақтау нысандарының медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 89 % үстінде

Облыс әкімі жиын барысында тұрғындардың сауалына жауап беріп, көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Кездесуден кейін аймақ басшысы азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

Сапар барысында облыс әкімі «Арайлы Шығыс» балалар сауықтыру лагеріне барды. Орталық бір мезгілде 50 балаға дейін қабылдай алады, ал бүгінге дейін 6 мыңға жуық бала демалды. Мекеме басшысы алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау болса, - дейді.

Ғалымжан Мұстафаев, «Арайлы Шығыс» балалар сауықтыру лагерінің директоры:

мынау қираған үй болған, оған біз қаражат салғанбыз. Дегенмен бізге қолдау керек еді Көріп шықтыңыздар ғой барлығы нағыз балаларға талапқа сай. Астының бәрі теплый пол, ішінде душы туалеті

Аймақ басшысы аудандағы жылу беру қазандығының жұмысымен де танысты. Орталық қазандықта биыл жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір тозуы деңгейі 43 пайызға азайған. Бұл ауданның тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бекарыс Секен