Өскеменде табиғи жүннен жасалған, Саха елінің бренді - қысқы аяқ киімдер сатылымға шықты. Бұл өнімдер облыс орталығы тұрғындарының назарын өзіне аударып үлгерді. Саханың қатал климатында сыналған, жылуды ұзақ сақтайтын бірегей технологиямен жасалған.
Сатушылардың айтуынша, Саха шеберлерінің қолынан шыққан бұл аяқ киімдердің басты артықшылығы – толықтай табиғи материалдардан дайындалуы. Жоғары сапалы былғары, тығыз өңделген тері және арнайы технологиямен өңделген жүн қатты аязда да жылуды сақтап, ерекше жайлылық сыйлайды.
Елена Косолапова, сату жөніндегі менеджер:
Халықтың сұранысына орай биыл аяқ-киім сатылымын екінші рет ұйымдастырып отырмыз. Аяқ киімнің сыртқы бөлігі – бұғы терісінен, ал іші – толықтай қой жүнінен дайындалған. Үш қабатты табаны сырғанамайды және өте ыңғайлы. Бұл етіктер ылғалды бойына сіңірмей, минус 60 градусқа дейінгі суықта жылы ұстайды. Ерлер мен әйелдерге арналған барлық өлшемдер бар. Сонымен қатар бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.
Сатып алушылар да аяқ киімнің сапасын жоғары бағалап үлгерген. Саха елінен әкелінген бұл аяқ киімдер 28 желтоқсанға дейін «Валентина» сауда үйінің 0 қабатында, Назарбаев даңғылы, 61А мекенжайында сатылады. Сауда алаңы күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істейді.
Қымбат Иманғали