Облыста дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, 10 желтоқсан күні аймақта қар жауып, боран соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Ал, Облыс орталығында қар жауып, көктайғақ болады деген болжам бар. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15 м/с дейін жетеді. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бірқатар талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Елді мекендерде және автожолдарда қозғалыс кезінде жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтау қажет. Қатты жел кезінде электр сымдарына жақындамау және автобус аялдамаларының маңында, ағаштардың астында паналамау қажет.
Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
Құрметті азаматтар! Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды. Облыс аумағында қар жауып, жел соғып, көктайғақ күтілуде. Алыс аймақтарға жол жүруден бас тарту қажет. Кейбір жолдар жабық. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар