«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы өңірде 2020 жылы іске қосылды. Тың бастама аясында аймаққа қарасты әр ауданда тұрғын үй құрысы қарқын алды. Әлеуметтік жағынан маңызды жоба шеңберінде бағдарлама санатына кіретін отбасылар баспаналы болып, қуанышқа кенелуде. Баспанаға мұқтаж азаматтардың мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама Күршім ауданында да сәтті жүзеге асырылып жатыр. Рет-ретімен әріптесім тарқатсын.

 «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Күршім ауданында 14 үй салынып жатыр. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылымдар толықтай тартылып үлгерген. Ғимараттың сыртқы жұмыстары да аяқталды. Ішкі сылақ, әрлеу кезеңі соңғы сатыда. Өңірде қолға алынған бағдарлама әсіресе аудандар мен ауылдық елдімекендердің дамуына елеулі үлес қосуда. Бірыңғай сәулеттік үлгіде салынған мұндай тұрғын үйлердің саны жыл сайын артып келеді.

Толқын Искакова, сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а.:

Күрші ауданында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жеке инвечтициялар есебінен үй салуға және сатып алуға мемлекеттік бюдеттен 274 млн. 300 мың тг.қаражат бөлінді. Жоспарланған үйлердің ауданы 1250 м2 , бұл жерде 70 м2 және 85 м2 үйлер салу жоспарланған болатын. Осы уақытқа дейін Күршім ауылында 16 үй, Алғабас ауылында 1 үй салынып бітті. Кезекте тұрған отбасыларға кезек бойынша берілетін болады.

Өткен жылы Күршім ауданында 22 тұрғын үй салынып, қолданысқа берілген болатын. Жаңа пәтрдің кілті жас отбасыларға, көп балалы және әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға берілді.

Бұдан бөлек, Күршімде сапалы байланыс жүйесімен, интернет желісімен қамту ісі де жүргізілуде. Ауданға қарасты 21 елдімекеннің 3-уі бұған дейін ғаламторға қосылған болатын. Қалған он ауылдың мәселесі кезең-кезеңімен игі шешімін тауып келеді. Мәселен, Ақши, Егіндібұлақ, Қаратоғай ауылдарының тұрғындары енді айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алып, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі одан әрі артады.

Елжан Мұхтарханов, Қалғұты ауылдық округінің әкімі:

2023 жылы интернеті жоқ ауылдарға интернет тарту бойынша сметалық құжаттама жасалып, сараптаманың оң қорытындысын алған болатын. 2024 жылы осы жобаларға қаржы бөлініп Амангелді ауылынан 7,3 км шығыс-батысқа қарай антенна діңгек құрылысы толығымен аяқталды. Жоба құны 177 млн. 196 мың тг көлемінде.Егіндібұлақ ауылынан 15 км көлемінде тура осындай антенна құрылысы аяқталған болатын.

Қазір облысқа қарасты аудандар мен шалғай ауылдарда интернет желісі тұрақты жұмыс істейді. Биылғы жоспар бойынша, тағы бірнеше ауылға мобильді интернет жеткізу көзделген. Бұл – тұрғындарға онлайн қызметтерді кедергісіз пайдаланып, білім алу мен кәсіп жүргізуге жаңа мүмкіндік бермек.Мамандардың айтуынша, заманауи инфрақұрылымның дамуы өңірдің цифрлық әлеуетін әрі қарай арттыра түспек.

Қуаныш Амантайұлы