Өскемен іргесіндегі Винное ауылында орналасқан «Титан» ат спорты кешенінде жаңа бөлім ашылды. Бұл спорт түрі жасөспірімдер арасында кеңінен танымал, себебі жыл сайын спортшылар саны артып келеді. Бұдан бөлек, кешенде иппотерапия қызметі де көрсетіледі.

 «Титан» ат спорты кешені қазіргі уақытта тек ауданның ғана емес, бүкіл аймақтың дамуына да елеулі үлес қосып келеді. Мұнда ат спортымен қатар, иппотерапияға да ерекше назар аударылуда.

Эльдар Тумашинов, Глубокое ауданының әкімі:

Мен барлық шығысқазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтаймын. Николай Кузьминға және барлық «Титан» ат спорты кешені қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Бұл ерен еңбектің үлгісі. Спорт кешенінде 112 бала иппотерпиямен айналысады. Ауқымды жобаларымыздың бірі екенін атап өткім келеді.

Бұл спорттың деңгейін көтеруге арналған осындай игі іс жасөспірімдер үшін тамаша мүмкіндік. «Титан» ат спорты кешенінің басшысы Николай Кузьминнің мақсаты да дәл осыған бағытталған.

Николай Кузьмин, «Титан» фирмасының басшысы:

Бұл спорт түрі ары қарай да дамуына мен өз үлесімді қоса бермекпін. Себебі, мұнда тек спортпен айналысатын жандар емес, иппотерапия қызметін алушылар да келеді. Бұл үлкен көмек деп ойлаймын. Тек өзіміздің өңірден ғана емес, Қазақстанның барлық аймақтарынан келеді. Оларға арналған қонақ үйіміз де бар. Бізге жетістіктерден бұрын, балалардың атқа қызығушылықтарын арттыру маңызды. Гаджеттардан шығып, таза ауамен тыныстап спортпен айналысып дамыса дейміз.

Спортшылар облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, өңір намысын абыроймен қорғап жүр. Айта кетерлігі, олардың жарысқа алаңсыз дайындалуы үшін барлық жағдай қамтамасыз етілген.

Екатерина Метай, Облыстық ат спорты федерациясының басшысы:

Бүгінгі шараға біз 5 жыл уақытымзды, күшімізді салдық. Бұл спорт түрі тың серпін алуына жылдар бойы жұмыс істедік. 5 жыл бұрын жарыс 10-12 спортшымен өтсе, қазір облыста чемпионаттар ұйымдастырылып, сол сайыстарға 40-50 спортшы қатысып жүр. Жүлделі орындарға да ие болып, нәтиже көрсетуде. Спорт кешенінде жаңа бөлімнің ашылуы біз үшін маңызды.

Спортшылар тек облыстық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Биік белестерден көрініп жүрген спортшылар «Титан» ат спорты кешенінде жаңа бөлімнің ашылғанына дән риза.

Ясмин Ногайбаева, спортшы:

Қарағанды қаласында 2023 жылы өткен жарыста 1 орынды қанжығама байладым. 2024 жылы Алматы қаласында да жүлделі орынға ие болып, биыл 3 орынға ие болып, кубокты ұтып алдым.

«Титан» ат спорты кешені басшылығы игі шаралар легі жалғасын табатынын жеткізді.

Сая Жарасқызы