Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барды. Облыс әкімі бірқатар нысандарды аралап, жай – күйімен танысты. Артынша елдімекеннің тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуда ауданның экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу жолдары сөз болды. Рет – ретімен тілші жалғасын.
Лермонтов көшесіндегі бұл көп қабатты тұрғын үй 1975 жылы салынған. Ғимарат үш кіреберістен құралған. Оның біреуі толығымен қаңырап бос тұр. Аймақ басшысы осы мәселені қолға алып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Әкім жаяу жүргіншілер жолын, аула аумақтарын тексеріп, орталық көшенің жағдайымен де танысты.
Облыс әкімі «Никольск-1» ауылшаруашылық кәсіпорнын аралады. Бұл нысан екі негізгі аграрлық бағытта жұмыс істейді. Егіншілік пен мал шаруашылығы. Аймақты сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен және маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Бұдан кейін,өңір басшысы Нұрымбет Аманұлы Алтай қаласындағы балалар – жасөспірімдер спорт мектебіне ат басын бұрды. Мұндағы түрлі үйірмелермен жіті танысты. Жас спортшылар аймақ басшысымен бірге естелік суретке түсті.
Аймақ басшысы жұмыс сапары аясында аудан халқының тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Сондай – ақ жергілікті жұртшылықты толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Алтай ауданы үшін географиялық жағдайына қарай экономиканы әртараптандыру бойынша жұмыстың негізі бағыты бұл әрине туризм саласы. Ол шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі және халықты нәтижелі жоғары табыспен қамтамасыз етудің бірден бір жолы. Ауданда туристер үшін 115 орын тіркелген. Жыл басынан туристер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 % -ға төмендеп отыр.
Облыс әкімі жауапты сала мамандарына анықталған мәселелерді шешуді тапсырды. Жиын соңында аймақ басшысы азаматтарды қабылдады.
Гүлдана Айдарқызы