Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай шара өтті. Аймақ жастары мен қала тұрғындары «Желтоқсан алауы» монументіне гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар ата-баба рухына тағзым етті.

«Желтоқсан алауы» монументіне жиналған көпшілік бұл күннің мән-маңызына тоқталды. Жастардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту басты мақсат. Елін, жерін сүйетін, Отанын қастерлейтін ұрпақ саны күн санап артып келеді.

Бақытжан Ербол, Өскемен қ. Жастар ресурстық орталығының директоры:

Біз үшін ең маңызды күндердің бірі. Тәуелсіздік алған күніміз. Қазіргі таңдағы негізгі мақсатымыз Тәуелсіз елімізді ұстап тұру. Бізге қалдырған аманат. Ата бабаларымыз қанша 39 жыл бұрын күресіп жерімізді тәуелсіздігімізді алып берген ата бабаларымызды ұлықтайтын күнімі.

16 желтоқсан – Қазақстан тарихындағы ең қасиетті күн. Тәуелсіздіктің бәрінен қымбат екенін жастардың санасына орнықтыру - жауапты міндет,-дейді жиынға қатысушылар.

Бұл күнді атап өтуде ел тарихына шолу жасау маңызды. Елдің жарқын болашағы мақсаты айқын, санасы сергек, білімді бәрінен жоғары қоятын жастардың қолында.

Сая Жарасқызы