Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты жиында түрлі сала өкілдері мемлекеттік наградалармен және және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Салтанатты шарада мемлекет пен қоғам дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін», «Ерлігі үшін», «Шапағат» медальдарымен, сондай-ақ ШҚО әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Еңбегі еленгендер қатарында төтенше жағдайлар саласының қызметкері, жеке кәсіпкер, өндіріс саласының маманы мен қоғам қайраткері бар.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің негізгі индекаторлары бізде оң өсімді көрсетіп отыр. Оның артында сіздердің адал, тынбай жасаған еңбектеріңіз тұр. Сондықтан осы еңбектеріңіз үшін рахметімізді айта отырып, өздеріңізге мемлекеттік наградалар, құрмет грамоталары табысталады. Олар сіздерге құтты болсын.
Марапатталғандар қатарында жеке кәсіпкер Бақытжан Құдышева да бар. Ол отыз жылдан астам аймақ экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып, шағын және орта бизнестің өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Бақытжан Құдышеваға мемлекет басшысының жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
Бақытжан Құдышева, жеке кәсіпкер:
Бүгін міне біздің тәуелсіздікке орай марапаттады. Бұл мен үшін өте мақтан.
Ринат Жылқышинов, ШҚО ТЖД №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі:
Облыс әкімінен ерлігі үшін медальымды алдым. Олыс әкіміне көп-көп рахмет, елеп ескеріп бізді құттықтап жатқанына. Тәуелсіздігіміздің мерекесі құтты болсын. Жұмысымыз алға басаберсін.
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісі болды.
Нұртас Қайролдаев