Өскеменде «Altai Mai» зауыты ашылды.Кәсіпорын майлы дақылдар өңделіп, өсімдік майын өндіруге бағытталған.. Кәсіпорын жылына 74 мың тонна май және 64 мың тонна шрот өндіруді жоспарлап отыр. Бұл бастама өңір экономикасының дамуына оң ықпал етпек.
Өңірде майлы дақылдарды қайта өңдеумен айналысатын 13 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың өндірістік әлеуеті жылына 1 млн тонна өнім шығаруға және 163 мың тоннаға дейін шемішке өңдеуге қауқарлы. Ал «Altai Mai» зауыты жылына 74 мың тонна өсімдік майын өндіруді көздеп отыр. Дайын өнім ішкі нарыққа да, шетелге де жөнелтіледі. Зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, салалық басқарма өкілдері қатысты.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Алтай май майды экстракциялау зауытының ашылуы бұл біздің көптен күткен зауытымыз. Инвесторларымыз бұл заводты жұмысқа қосу үшін 23 жарым млрд теңгедей инвестиция құйды. Өйткені тағы да қайталап айтамын бұл зауыттың ерекшелігі басынан аяғына дейін шемішке майын, тағы басқа өндірістерді жүргізуге арналған көлемді, ірі біздің зауытымыз.
Өндіріс орнында тәулігіне 120 тоннаға дейін өнім өңделіп, әр сағат сайын 2 мың бөтелке тазартылған май шығарылады. Зауыт заманауи технологиялармен жарақтандырылған. Өнімдер ішкі нарықтан бөлек, шетелдік тұтынушыларға да жеткізіледі. Қазір мұндағы өнім Қытай, Тәжікстан және Иран елдеріне экспортталып жатыр. Ал алдағы уақытта Еуропа мен Араб елдеріне шығу жоспарда бар. Сапа көрсеткіші халықаралық талапқа сай қатаң бақылауда.
Дәулет Тұрлыханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
осындай салтанатты жағдайда іске май шығаратын үлкен бір заводты қосып отырмыз. Енді осы салтанатты жағдайды қолдана отырып, осы заводтың ашылуына себепкер болып отырған бас инвестор "ALTAI MAI" компаниясына өз алғысымды білдіремін. Осы инвестордвң арқасында 230-дай адам болашақта жұмыс жасайды. Және осы заводтың өнімін сұраныс білдіріп жатыр. Осы инвестицияға облыс әкімшілігіне республикалық құзырлы органдарға алғысымды білдіргім келеді. Бұл тек қана бастамасы болсын.
Кәсіпорынның іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беріп, жергілікті халықты тұрақты еңбекпен қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда зауытта шамамен 250 адам еңбек етеді. Кейін қызметкерлер санын 350-ге жеткізу көзделіп отыр. Аймақтағы еңбекақысы жоғары өндіріс орындарының бірі саналатын нысанда тұқымды жуу, кептіру және сығу үдерістері толықтай қалдықсыз жүзеге асырылады. Бұған қоса, қазандықтың биоотынмен жұмыс істеуі қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Дәулен Бейсембаев, «ALTAI MAI» ЖШС-нің бас технологі:
Қалдықсыз технология бізде лузга шығады. Лузганы біз көмір ретінде пайдаланамыз. Лузга дегеніміз шемішкенің қабықтары. Сол шемішкенің қабықтарын бізде лузговой паровый котел бар. Сол паровой котелдарда біз оны сжигать етеміз. Получается бізде технология паровой технология. Біз паровойга лузга береміз, котельный бізге пар береді. Соответствие обжарка сырья жүргіземіз осы лузгаменен.
Өндірісте енгізілген технологиялар жоғары үнемділігімен ерекшеленіп, қалдықсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тіпті түйіршіктелген шемішке қабығы да отын ретінде кәдеге жаратылады. «ALTAI MAI»ЖШС – аймақтағы агроөнеркәсіптік саланы дамытатын ауқымды жобалардың бірі. Кәсіпорынның іске қосылуы өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, даму қарқынын күшейтпек.
Аяулым Усинова