Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері аясында «Maxi Mall» сауда және ойын-сауық орталығында «Халықтар достығы» атты флешмоб өтті. Шарға жиналғандар «Зыряночка» би ансамблінің өнеріне тәнті болды.

Көздің жауын алатын ұлттық киімдер мен әртістердің би ырғағы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Флешмоб бірден көпшіліктің назарын өзіне аударды.

 Аделина Ринатқызы, «Зыряночка» би ансамблінің мүшесі:

Мен өз өнерімді көрсету үшін Алтай қаласынан келдім. Мақсатымыз - облыс орталығының тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау. Мен осындай әдемі орталықта өнер көрсеткеніме қуаныштымын.

 Бишілер өз өнері арқылы бірлік пен өзара құрметтің маңызын айқын

көрсетті. Шараға ата-аналар да балаларын қолдап, арнайы келді.

Мұрат Кітапбаев, Алтай ауданының тұрғыны:

Мен "Зыряночка" ансамблінде өнер көрсететін ұлымды қолдауға келдім. Біз қала тұрғындарымен бірге балаларымыздың биін тамашаладық. Мұндай шара күнде өтіп жатқан жоқ. Барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлай алдық деген ниеттеміз. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымыздың мәдени күндері өтіп жатқанына қуаныштымыз. Барша қазақстандықтарды атаулы мерекемен құттықтаймын!

Бұл қойылым қала тұрғындары үшін күтпеген тосын сый болды.

Айнагүл Сахарина, қала тұрғыны:

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан өнерпаздарымыз алыстан келді. Олар өнерлері арқылы ұжымның ұйымшылдығын көрсетті. Балалардың өнерін көрермендерге паш етті.

Мерекеге айналған бұл күн Алтай ауданының мәдени күндерінің маңызды бөлігіне айналды.

 Аяулым Усинова