Облыс орталығында Өскемен қаласы әкімінің «Алау-2025» жастар сыйлығы табысталды. Биыл байқауға барлығы 103 өтінім түсіп, сарапшылар комиссиясы үздіктерді анықтады. Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға елеулі үлес қосқан белсенділер тоғыз номинация бойынша марапатталды.
Жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға жас мамандар, волонтерлер, педагогтер, оқушылар, дәрігерлер, өндіріс пен IT саласының өкілдері қатысты. Биыл тоғыз үміткер өз саласының үздігі атанды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Ақерке Төлеухан, «Үздік оқушы» номинациясының иегері:
өте қуаныштымын. Негізі мен бұл атақты алатыныма білмей келген болатынмын. Себебі маған айтқан жоқ. Мен үшін Үздік оқушы болу менің білім жолындағы жаңа белесім және алға қойған мақсаттарымның жаңа бастамасы деп білемін. Бұл жетістік мені одан сайын алға ұмтылуға және өзіме көп талаптар қоюға мүмкіндік ашты. Осы жыл аясында көптеген әлеуметтік жобалармен Айти жобалар қорғаған болатынмын. Және олимпиадаларға қатысқан болатынмын. Соның нәтижесін міне көріп отырсыздар
Александр Ралко, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясының иегері:
Біз бұл бағытта үш жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Яғни «Самал» саябағында ерекше қажеттілігі бар балалармен айналысамыз. Бұл балалардың табиғи ортада қалыптасуына мүмкіндік беретін бірегей алаң. Сонымен қатар саябаққа келген қонақтар да мұндай балалардың қоғамның ажырамас бөлігі екенін түсінеді
Салтанатты шарада қала әкімі Алмат Ақышов жастардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды. Әсіресе, «Алау» сыйлығының мақсаты - жыл бойы белсенділік танытқан жастарға алғыс білдіру және атқарылған жұмыстарды қорытындылау, - деді.
Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:
Кез келген еңбек еленіп, ескерілуі керек. Сондықтанда біздің жастар да қоғамда белсенді жұмыс істеп жатыр. Соларға рақмет айту мақсатында, құрмет көрсету мақсатында бүгінгі мына премия ұйымдастырылды. Болашаққа сенім көп, жастарға аванс ретінде. Біраз жас жиналды, қуанып тұрмыз. Ертеңгі болашағымыз өте үлкен сеніммен қарап отырмыз
Мұндай шаралар жастардың әлеуетін дамытуға және қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен серпін береді.
Бекарыс Секен