Облыстық ТЖД өкілдері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Бұдан бөлек, пиротехникалық өнімдерді сатып алу кезінде бірқатар талаптарға мән беру қажеттігін айтты. Алайда, оны пайдалану кезінде тұтынушылардың көбісі қауіпсіздік шараларына мән бермейтін көрінеді.

Брифинг барысында пиротехниканы қауіпсіз қолдану тәртібі түсіндірілді. Мамандар ғимараттар мен тұрғын үйлерден 50 метрден жақын жерде отшашу атуға болмайтынын, сондай-ақ желді ауа райында оны пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескертті. Сонымен қатар өнімді сатып алу кезінде оның жарамдылық мерзімін мұқият тексеру қажет екені айтылды. Мерзімі өткен пиротехниканы қолдануға жол берілмейді. Отшашу автокөліктерге бағытталмауы тиіс, ал көрермендер іске қосылатын орыннан кемінде 15–20 метр қашықтықта тұрғаны жөн.

Нұржан Өміржанов, ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

Пиротехниканы тек мамандандырылған дүкендерден алу қажет. Сақтау талаптары бұзылған базада сатып алуға қатаң тыйым салынады.Себебі, сақтау кеззінде көптеген заңбұзушылықтар болады. Күннің көзі түспеу керек, жаңбыр тимеу керке. Зақымданбау керек.

Өткен жылы қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан өрт оқиғалары мен жарақат алу дерегі тіркелген. Осыған байланысты биыл қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, 340 нысан есепке алынды. Мектептерде шыршалар 20 желтоқсаннан кейін орнатылады. Қауіпсіздікті бақылау үшін 15 жедел топ құрылып, бүгінге дейін 23 рейд өткізіліп, тұрғындарға 140 нұсқаулық таратылды.

Абзал Күзембаев, ШҚО ПД Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Қоғамдық тәртіпті азаматтық пиротехникалық заттармен қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау тасымалдау, әкелу, әкету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік шаралар көзделеген. 436 бап пиротехникалық бұйымдарды қолдану, жеке тұлғалардың тыныштығын белгіленген тәртіпті бұзған, ірі материалдық залал әкеліп соққан елді мекендерде және бөлінбеген орындарда бұйымдарды тәркіленіп 20АЕК айыппұл салуға әкеліп соғады.

Заңсыз сауданың жолын кесу мақсатынды облыстық ТЖД мен тәртіп сақшыларымен бірге өңірдегі сауда орындарын тексеріп, пиротехникалық өнімдердің заңсыз сатылымын бақылауда ұстап отыр.

Сая Жарасқызы