Күршім ауданында волонтерлер қыс мезгілінде жалғыз басты қариялар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлерге қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолы аудан жастары қар күреп, отын жарып, көмір тасып, мұқтаж жандардың тұрмысын жеңілдетуді мақсат еткен қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Аязды күндері қарапайым шаруаның өзі кейбір жандар үшін ауыр. Күршімдегі волонтерлер көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, жыл көлемінде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді.Бұл шара тек айналадағы күл-қоқысты тазартуды көздемейді, жастарды игі істен шет қалмауға да шақырады.

Оразай Сағидолдин, Күршім ауданының тұрғыны:

 Күршім ауданы азаматтары болысып. Рахмет.Мен өзім инвалид 2 группымын.Келіп болысып жатқанына қуанып жатырмыз. Барлықтарың аман болыңдар, дендерің сау болсын.Әрқашан жолдарың болып, халықтың батасын ала беріңдер.

Күршімдегі еріктілер жыл басынан бері түрлі игі шараларды ұйымдастырып келеді. Аудан орталығынан бөлек, ауыл-аймақтағы қоғамдық демалыс орындары мен әлеуметтік нысандар маңын, орталық көшелерді тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартты. Осылайша, туған жердің көркеюіне бей-жай қарамайтын өрендердің саны артты.

Армен Карапетян, Күршім аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры:

Күршім ауданында 27 астам ерікті бар.осындай бос уақыт кезінде. Қарттардың үйіне барып,қар лақтырып, көмір тасып, отын жарып, жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда қыс мезгілінде көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған шараға аудан жастары белсенді ат салысамыз деп отыр. Себебі, игі бастаманың болашағы зор деген пікірде.

Қуаныш Амантайұлы