Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткачтың мерейтойлық концерті өтті. 65 жасқа толған маэстро сахнада - сүйікті тыңдармандарының қошеметіне бөленді. Мерейтойға Вячеслав Ткачтың өнердегі әріптестері, ұстаздары мен шәкірттері келді.

Кешті Шығыс Қазақстан облысының симфониялық оркестрі ашты. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың дирижерлігінде Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан полонез шырқалды. Бұл концерт кеш иесі үшін тек мерейтой емес, ең алдымен көрерменге көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.

Вячеслав Ткач, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

Менің басты мақсатым — көрерменнің концерттен жақсы әсер алуы. Бүгін филармония сахнасында мерекелік кештің ұйымдастырылуын қатты қаладым. Бұл мереке тек менің туған күнім үшін емес, музыка мен ізгілік мерекесі, біздің көрерменге арналған мереке.

Кеш бағдарламасы әлемдік операны ұлттық музыка үйлестірді. Чайковский, Россини, Бизе, Гуно, Доницетти, Масканьи шығармаларынан ариалар мен сахналық көріністер ұлттық классикамен және Неаполь әндерімен табиғи үйлесім тапты. Мерейтой иесін құттықтауға оның шәкірттері — бүгінде Қазақстан, Ресей және Еуропа сахналарын бағындырып жүрген өнерпаздар келді.

Әлия Бейсенова, Пезаро қ. Опера театрының солисі (Италия):

Біз көбінесе оның сахнадағы қылықтарын бақылап, соны үйрендік. Ол өте еңбекқор, музыкалық нақышты айқындауда ерекше адам. Мұны Италияда жоғары бағалайды. өйткені ондағы заңдылық 20% талант, 80% еңбек.

Василиса Кордюкова, Өскемен қ. тұрғыны:

Мен біздің симфониялық оркестрдің алғашқы концерттеріне қатысқанмын, кейін музыкалық мектепті бітіріп, пианист болдым. Соңғы 25 жыл бойы біздің оркестрдің барлық концерттеріне қатысып келемін, соның ішінде Вячеслав Михайлович Ткачтың концерттері. Бүгін қатысқаныма өте қуаныштымын, әсерлі болды!

Мерейтой иесін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтады. Ол Вячеслав Ткачтың өңірдің мәденет саласын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін атап, әртістің есімі кәсіби шеберліктің, дәстүрлі сабақтастықтың және өнерге адал қызметтің символына айналғанын жеткізді.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Құрметті Вячеслав Михайлович, шын жүректен 65 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Сіз — біздің қазынамыз, Шығыстың мақтанышы, Алтайдың даусысыз. Біз сізді жақсы көреміз, сыйлаймыз және мақтан тұтамыз!

Вячеслав Ткачтың мерейтойлық концерті өңірдің мәдени өмірінде маңызды оқиғаға айналды.

Талант Тұрсынов