Жаңа жыл – жақсылық пен жан жылуына толы мереке. Айтулы күннің қарсаңында Күршім ауданының әкімі Мейіржан Альбеков «Үміт» арнайы қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Аудан басшысы бүлдіршіндерге азық-түлік пен өзге де базарлықтарын ала келген.

Күршім ауданы мен «Үміт» арнайы қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы өзара достық қарым-қатынас орнатқан. Әікмдік өкілдері әр мереке сайын осында келіп, атаулы күнді балғындармен бірге қарсы алады. Бұл жолы аудан басшылары үш жүз келі қой етін, табиғи таза өнімдерін арқалай келген. Тәтті-дәмді мен киім-кешек те бар.

Мейіржан Альбеков, Күршім ауданының әкімі:

Өзіміздің әріптестер бірлесіп, аудандағы кәсіпкерлермен осы осы Үміт балалар үйіне келіп. Биылғы өткен тәуелсіздік күніне орай және келе жатқан жаңа жыл қарсаңында келіп балақайларды және қызметкерлерді құттықтап келдік. Өзімізбен бірге кәсіпкерлер мен әріптестеріміз ат салысып, ет өнімдерін, картоп сарымсақ секілді біраз өнімдер алып келдік. Одан бөлек ұстаздарға берілетін ақшалар премиямыз бар, оны да алып келдік. Балалардың тәттілері бар.

Күршім ауданынан сыйақы алғандардың бірі Аннель Тлеулесова. Ол осы мекемеде 18 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Білікті тәрбиеші үшін бұл тосын сый болғаны анық. Аннель Телеулесова алдағы уақытта балаларға дастархан жайсам дейді.

Аннель Тлеулесова, «Үміт» арнаулы қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиешісі:

Күршім ауданынан алып жатқан тосын сыйға өте қуаныштымын. 18-жылдың ішінде алғашқы тосын сый. Көп рахмет айтамын. Өте қуаныштымын. Үйткені екінің бірі бере бермейді ондайды. Ойым болып тұр бір идеям. Балалрға стол жасап, жаңа жылға қарсы тәттілер алып келейін деп.

Көрсетілген қолдау мен жылы лебіз орталық басшылығы тарапынан да жоғары бағаланды.

Сәуле Әлімбаева, ««Үміт» арнаулы қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы директорының орынбасары:

Бес жыл көлемінде Күршім ауданы, енді міне Мейіржан Қанатбекұлының бастағанымен Күршім ауданы келіп жатыр. Біз жаңа жыл қарсаңында келіп осы балаларымызды қуантып, осындай азық-түлік беріп, ерен істер жасап жатқандарыңызға мың алғыс айтамыз. Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңыз әр дайым жемісті болсын.

Мерекелік көңіл күй тек сыйлықтарда ғана емес, жылулыққа толы концерттік бағдарламаға ұласты. Күршімнен келген өнерпаздар балаларға арнап жаңа жылдық шаттықтың шымылдығын ашты.

Асанат Шойынбаев, «Үміт» арнаулы қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі:

Бізге күршім ауданы қонақ ретінде келіп тұр. Өздерінің концерттік бағдарламасымен. Біз ән айтып би билеп көңіл көтердік. Бұл жаңа жыл мерекесінің бастауы болды.

Күршім ауданы «Үміт» орталығына бірнеше жылдан бері қолдау көрсетіп келеді. Игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Нұртас Қайролдаев