Алтай ауданында ірі қара малға арналған тауарлы сүт фермасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа нысан «Мойылды – Байқоңыр» ЖШС жүзеге асырып жатқан ауқымды инвестициялық жоба аясында салынды. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласында 2004 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.

Полянское ауылында орналасқан кәсіпорын ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге және өткізуге бағытталған. Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 6 мың тоннаға дейін сүт өндіру жоспарланған. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев, ҚР ауыл шаруашылығы вице – министрі Аманғали Бердалин қатысты.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Бұл фермада 1075 ірі қара мал басы болады. Соңғы үлгідегі сауу техникалары басқа да озық үлгідегі технологялар қолданыла отырып, өңіріміздің сүт саласын дамытуда үлкен бір қадам болғалы отыр. 10 млрд тг үстінде құны. Бұл фермамен қосымша тағыда бес сүт тауарлы фермасын кеңейту жөнінде ауыл шаруашылығы министрлігі қолдай отырып, 6,2 млрд тг бөлініп, осы 6 сүт – тауарлы фермасы келесі жылдан бастап жұмысын бастайтын болады.

Шараның құрметті қонақтары жаңа кәсіпорынмен жеке танысты. Жобаның бас мердігері – «ШығысАгроХолдинг» ЖШС. Қазіргі таңда нысанда заманауи жабдықтар орнатылып, қажетті техника сатып алынған. Бұдан бөлек, жемшөп базасын дамыту бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Алдағы уақытта ферма жоғары өнімді техникамен толық жабдықталып, голштин тұқымындағы асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр.

Аманғали Бердалин, ҚР ауыл шаруашылығы Вице – министрі:

Ауыл шаруашылығы министрлігі осы инвестиция тарту ауыл шаруашылығы өнімін еселеу, азық- түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үлкен жұмыстар жасап жатыр. 2023 жылдан бастап СҚО тәжірибесімен жеңілдетілген несие беру басталды. Соның салдарына осы соңғы үш жылда ҚР –да 108 заманауи, дүниежүзінде қандай тауарлы сүт – ферма бар сондай фермалар салынып жатыр.

Қазіргі уақытта компанияда 82 адам қызмет етеді. Жоба арқылы жаңа жұмыс орындары құрылып, сүт өнімдерін өндіру көлемі ұлғаяды. Сонымен қатар, азық – түлік қауіпсіздігін нығайтуға және аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына сеп.

Гүлдана Айдарқызы