Биыл облыста инвестиция тарту және экономиканы әртараптандыру бағытындағы жүйелі жұмыс атқарылды. Өңдеу өнеркәсібі, логистика, қызмет көрсету секторы қарқынды дамып келеді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев¬тің айтуынша, биыл елде сауда көлемі 8,6%-ға, инвестиция көлемі 6 айда 37%-ға артып, 438 млрд. теңгеге жетті.

Облыста инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінген. Осылайша, ұлттық инвестициялық пұл аясында 53 млрд.теңгеге 8 жоба іске асырылды. Оның ішінде 43 млрд. теңгенің 4 жобасы іске қосылды.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

 «Востокмашзавод» 34 млрд теңге, Өскемен арматура зауыты 5 млрд теңге, ірі машина жасау кәсіпорындары қуаттарын жаңғырту жұмыстарын жүргізу. Облыс орталығының үлесінде 42 мың бизнес субьектісі тіркелді. Бұл өңірлік көрсеткіштің 60 процентінен жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Биыл Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық қоры 5 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,1 трлн. теңгеге 111 жобаны қамтыды. Оның ішінде 23-і жалпы өңірлік инвестициялық жоба. Сондай-ақ, Өскемен қаласы – еліміздің ең ірі өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Қала аймақтың өнеркәсіп құрылымының 79% құрады.

Досжан Болатбек, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

Ағымдағы жылдың III тоқсанында өзектендіру қорытындысы бойынша жалпы инвестиция көлемі 1,1 трлн теңге және 5,2 мың жұмыс орнын құрумен жалпыұлттық пулдың 58 жобасы іске асырылуда. Өткен жылы 381 жұмыс орнын құрумен 45 млрд теңгеге 10 жоба аяқталды. 2025 жылы 53,2 млрд теңге (268 жұмыс орны) сомасына 8 жобаны аяқтау жоспарлануда. Ағымдағы жылы 10 айдың қорытындысы бойынша 3 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде "MaxiMall" сауда кешені, Ертіс Береке Серебрянск қаласында және күнбағысты өндіру «ALTAI MAI» зауыты.

Келер жылы 47 млрд.теңгеге 8 инвестициялық жобаны іске асырып, мыңнан аса жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, заманауи құрылыс кластерін құру көзделген.

Аяулым Усинова