Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Өскеменде пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасына қарсы рейдтер күшейтілді. Шығыстағы Полиция мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп жүргізген тексерулер барысында талапқа сай келмейтін өнімдер анықталды.
Өңірде сертификатталмаған пиротехниканы сатудың алдын алу мақсатында 243 профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Тексеру кезінде сауда орындарындағы лицензиялар мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.
Медет Мұқашев, ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:
Пиротехникалық бұйымдарды сату кезінде жарақат алған болатын.
Рейд барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабы бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандардың айтуынша, автокөліктерден, өткелдерде және ашық сөрелерде пиротехникалық бұйым сату – өрт қауіпсіздігі талаптарына қайшы.
Айдар Рамазанов, Өскемен қ. ПБ қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы:
5 желтоқсан мен 2026 жылғы 3 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел-профилактикалық шарасы өтуде. Оның нәтижесінде 60-тан астам пиротехникалық бұйым тәркіленді.
Мамандар жарамдылық мерзімі өткен пиротехниканы қолданбауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Себебі, мерекелік отшашу сақтықсыз пайдаланылса, қайғылы жағдайға әкес соғуы мүмкін.
Нұртас Қайролдаев