ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың аймақтағы жұмыс сапары Өскеменде жалғасты. Министр облыс орталығында салынып жатқан Гематология орталығын аралады. Бұл өңірдегі ең ірі әрі жоғары технологиялы медициналық мекемелердің бірі болмақ.

Гематология орталығы бірегей нысан болмақ. Ол өңір тұрғындары үшін ғана емес, еліміздің басқа аймақтарынан келетін науқастарға да қызмет көрсетпек. Мұнда қан аурулары, қан айналымы жүйесіндегі дертті ерте сатыда анықтау мен емдеудің жаңа әдістері енгізіледі. Сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес келетін заманауи медициналық жабдықтар орнатылады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір басшысымен бірлесіп нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Ерназ Мұқатаев, ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

Біз жұмыстың негізгі бөлігін аяқтадық, тек жиһаз бен медициналық жабдықтарды орналастыру қалды. Сондай – ақ, абаттандыру және асфальттың аз мөлшерін жол жабынын төсеу процесі қалды.

Нысанды пайдалануға беру өңірде ғана емес, республикалық деңгейде де мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік бермек.

Аяулым Усинова