Жаңа жыл қарсаңында Өскеменде мерекелік шаралар мен отшашулар ұйымдастырылады. Тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мамандар пиротехниканы пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау — полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Мамандар мереке күні күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Еркін Саттыбаев, Өскемен қ. ПБ бастығының орынбасары:
Жаңа жыл мерекесіне орайластырылған шаралар қала бойынша алты аумақта өтеді. Мереке кешкі сағат 21:00-ден түнгі 01:30-ға дейін жалғасады. Барлық алаңдарда отшашу ұйымдастырылады. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін 600-ге жуық полиция қызметкері және Ұлттық ұлани сарбаздары қамтамасыз етеді. Полиция күшейтілген қызмет режимінде жұмыс істейді.
Мереке күндері отшашуды пайдаланғысы келетіндердің саны артады. Осыған байланысты тәртіп сақшылары пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша профилактикалық шараларды қолға алған. Тексеру барысында рұқсатсыз саудамен айналысқан тұлғаларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданған.
Ілияс Қизатов, Өскемен қ. ПБ қару айналымын бақылау тобының инспекторы:
2025 жылдың 5 желтоқсаны мен 2026 жылдың 3 қаңтары пиротехника жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Аталған шара бойынша Өскемен қ. ПБ қызметкерлерімен қала көшелері мен сауда орындарында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Казақстан Ресапубликасының ӘҚБ кодексінің. Бабы бойынша 16 жеке тұлғаға әкімішік хаттама толтырылған.
Мерекелік отшашу қуаныш сыйлауы тиіс. Алайда қауіпсіздік талаптары сақталмаса, ол қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін дейді сала мамандары.
Азамат Құмарбеков, ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:
Пиротехникалық өнімдерді тек арнайы дүкендерден сатып алу қажет....құрылыстар болмауы қажет.
Төтенше жағдайлар саласының мамандары мерекелік отшашумен қатар, шыршаны орнату кезінде де қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Шыршаны пеш пен жылу көздерінен алыс қойып, айналасына а тез тұтанатын заттарды орналастырмаған жөн.
Нұртас Қайролдаев