«Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру мақсатында Өскемен ЖЭО кездесу ұйымдастырылды. Шараны облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Кездесуде полиция және прокуратура өкілдері жұмысшыларға құқықтық жауапкершілік, есірткімен күрес жөнінде ақпарат берді.

Кездесудің мақсаты – өндіріс орындарындағы қызметкерлерді заң талаптарын сақтауға шақыру. Шара барысында құқық бұзушылық әрекеттерінің салдары жан-жақты түсіндірілді. Мұндай түсіндірме жұмыстары еңбек ұжымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Шыңғысхан Серіков, Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы:

Жалпы осы жылдың басында заң мен тәртіп...насихаттаумен айналысамыз.

Полиция департаментінің өкілдері есірткі қылмыстарының қоғамға әсері мен заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірді. Мұндай профилактикалық кездесулер өзекті мәселелерді ашық талқылау арқылы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Сағатбек Малтүгелов, ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

Мақсат – қоғам болып есірткіге қарсы күрес жүргізіп, азаматтарға мұндай құқықбұзушылық қандай салдарға әкеліп соғуы мүмкін екенін түсіндіру. Кездесу барысында құқықтық жауапкершілік туралы мәлімет беріліп, қысқа бейнероликтер көрсетіледі. Мұндай профилактикалық шаралар облыстың барлық мемлекеттік мекемелерінде тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Шара аясында балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілді. Қалалық прокуратура өкілдері бұл бағытта ауқымды шараларды қолға алған. Солардың бірі «Ұрпақ» Telegram-боты.

Диас Сайранқанов, Өскемен қ. Прокуратурасының прокуроры:

Қазіргі уақытта Өскемендегі ең өзекті мәселе – алаяқтық, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларға қатысты қылмыстар болып отыр. Осыған байланысты облыста «Ұрпақ» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл Telegram-бот арқылы әрбір бала QR-кодтты пайдаланып анонимді түрде өзін толғандырған жағдай бойынша хабарласуына болады. Бұл сауалдарға мектеп қызметкерлері, білім бөлімі, психологтар, аудандық, қалалық және облыстық ауруханалардың мамандары, сондай-ақ құқық қорғау органдары жауап береді. Жоба заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға бағытталған.

Біз үшін мұндай кездесулер маңызды. Көрсетілген ақпарат пайдалы әрі түсінікті болды», – дейді кәсіпорын қызметкерлері.

Сырым Өмірзақов, «Өскемен ЖЭО» ЖШС жетекші инженері:

Біздің кәсіп орын жастары....ресурстық орталығына алғысымыз білдіреміз.

 «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен профилактикалық кездесу өңірдегі өзгеде мемлекеттік мекемелер мен өндіріс орындарында да жалғасын таппақ.

Нұртас Қайролдаев