Үлкен Нарын ауданының Алтынбел ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Салтанатты шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Ауылда өрт туындаған жағдайда ауданнан бригада күтудің қажеті жоқ. Себебі Ауыл құтқарушылары көмекке келеді. Бұл бағдарлама былтыр іске қосылған. Қазір елді мекендерде дәл осындай өрт сөндіру пункты ашылған. Бұл пункт 4 ауылға 1400 адамға көмек көрсетеді.
Алтынбел ауылында ашылған өрт сөндіру пункті шалғай елді мекендер үшін аса маңызды нысан. Себебі, алғашқы минуттарда көрсетілген жедел көмек адам өмірі мен мүлкін сақтауда шешуші рөл атқарады. Ал, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында бүгінде елімізде 150-ге жуық осындай нысан іске қосылған. Биыл олардың саны 700-ге жетпек. Яғни, тағы 550 бекет салынбақ.
Шыңғыс Әрінов, ҚР төтенше жағдайлар министрі:
Біз министрлік жағынан техниканы беріп жатырмыз, арнайы киімдерді, байланыс құралдарын, аудандық бөлімше ге тікелей қолма қол жұмыс істейтін болады. Осы қызметкерлер тапсырмаларды бірге орындап, жеңіске бірге жетіп ертеңгі күні халықтың алғысында болады деп сенімдімін.
Жаңа өрт сөндіру пункті заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бұл құтқарушылардың төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі сапалы әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Облыс бойынша 5 бекет ашылған болатын. Алдағы екі жылда 39 осындай бекетті ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар әрине ТЖМ бірлесе отырып жүзеге асырылуда, министрлік тарапынан тиісті, қажетті құрал жабдықтар киімдерге дейін беріліп отыр. Бұл бекеттерді салуға бюджеттен тыс инвесторлардың жеке қаражаттары есебінен жұмыстар жүргізіліп келе жатыр. Және бұл жұмыстар арман қарай жалғыстыратын боламыз.
Жиын барысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен және ТЖМ Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жергілікті тұрғындар да дәл осындай бекеттің ашылғанына қуанышты.
Бұл өте қауіпсіздік шараларына өте қажетті нәрсе. Кезінде өрт сөндіру бекеттері болмаған кезде аудан орталығынан өрт сөндірушілер келгенше үлгермейтін. Тек қана соңында ғана үлгеріп жүруші еді. Енді мынау жақын маңда ашылғанына өте қуаныштымыз. Халықтың қауіпсіздігі бірінші орында, әсересе бұл көктем күз айларында мына дала өртіне, бәріне осы жігіттер атсалысып қауіпсіздік жағдайын толық қамтамасыз етеді деген сенімдеміз
Ауылдың халқымен бірге қуанып жатырмыз. Өйтені біздің ауыл төтенше жағдай көп болатын орманды жерде орналасқан. Сол себептен осынан көмек көрсетсе біз өте қуаныштымыз.
Елді мекендерде ашылған бұл өрт сөндіру бекеттері тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндк береді.
Бекарыс Секен