Шағын және орта бизнес өкілдері тегін кеңес ала алады. 5 қаңтардан бастап Өскемен қаласында «Халық бухгалтері» акциясы іске қосылды. Жоба жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдеріне арналған. Кәсіпкерлердің қаржылық есебін сауатты жүргізуіне жол ашып, құжаттағы олқылықтарды азайтуға бағытталған бұл бастама 30 маусымға дейін жалғасады.
Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есеп, сондай-ақ ақпараттық жүйелермен жұмыс бойынша тегін практикалық кеңестер көрсетіледі. Кәсіби бухгалтерлер, аудиторлар және мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі сала мамандары тұрғындарға толық ақпарат береді.
Гүлмира Сабралимова, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы:
Биылдан бастап жаңа салық кодексі өз күшіне еңгізілген. Көп сұрақтар. Арнайы салық режимдеріне қалай көшуге болады, қалай есеп толтырылады. Сондай -ақ бухгалтерлік есеп қалай толтырылады. Информационный система қалай жүзеге асады. Сол барлық сұрақтар. Біз бүгін де отырмыз, акция шеңберінде түсіндірме жасап.
Кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар акция аясында салық түрлерін дұрыс есептеу, декларацияларды сауатты толтыру, сондай-ақ түрлі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты кеңес ала алады. Сала мамандары арнайы дайындалған ақпараттық буклеттерді таратып, кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі шаралар легін өткізеді.
Светлана Осикова, халық бухгалтері:
Кәсіпкерлерге көмектесу – біздің басты мақсатымыз. Өйткені кодекс жаңа, бұл тек кәсіпкерлер үшін ғана емес, бізге яғни бухгалтерлер үшін де жаңалық. Сондықтан адамдарда аздап үрей бар. Тиісінше туындаған сұрақтар да өте көп, бір сұрақтан екіншісіне ауысып жатады. Біз оларды тыныштандыруға, қолдан келгенше барлығын түсіндіруге тырысамыз, кодекске сәйкес барлық қажетті ұсыныстарды береміз.
«Халық бухгалтері» акциясы салық төлеушілерге сервистік қолдауды күшейтуге бағытталған маңызды жоба.
Берікбол Тұрымтай, қала тұрғыны:
Мен осы жерге халық бухгалтері акциясы бойынша келдім. Сұрақтарыммен. Жеке басымдағы ТОО ны жабу үшін. Мамандар барлығын түсіндіріп, айтты. Өзіме қажетті керекті кеңесті алдым.
Кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері кәсіпкерлерге кеңес беруді бастап кеткен. Аталған акция шілде айына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, күн санап кеңес алушылар саны артып келеді.
Сая Жарасқызы