Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Қазақстан цифрлық державаға айналуы керектігін атап өтті. 2026 жыл – елде цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Аймақта жасанды интеллект бағытындағы жұмыстар қазірден іске асырылуда.
Елде IT-стартаптарды қолдауға арналған экожүйе өз жұмысын атқарып тұр. Бұл бағытта Astana Hub инновациялық кластері қызмет етеді. Оған екі мың кәсіпорын біріктірілген. 2025 жылы IT қызметтерінің жалпы экспорты шамамен бір миллиард долларды құрады. Жасанды интелект бағытындағы «Alatau city» орталығын құру мақсатында жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Біздің өңір де бұл бағыттан қалысар емес. Жоғары оқу орындарының бірқатарында ішкі процестер, оқу үрдісі және ғылыми жұмыстар жаңа цифрлық талаптарға сәйкес жүйелі түрде қайта жаңартылуда.
Ұлан Несіпқалиев, ЖОО-ның стратегиялық даму проректоры:
Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында экономиканың барлық саласына және мемлекеттік басқаруға цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуге үлкен көңіл бөлді. Біздің университет бұл бастаманы өте жақсы қабылдады. Цифрландыру мен жасанды интеллект енгізуде біз техникалық университет ретінде оқу орындарының ішінде алдыңғы қатардамыз. Біз «Цифрлық университет – цифрлық кампус» бағдарламасын жүзеге асырамыз және жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бұдан бөлек, біз бұл бағытта ғылыми жобаларға қатысамыз. Жобаның 30%-ы цифрландыру және жасанды интеллект қолдануға бағытталған.
Университет қабырғасында жасанды интеллект саласындағы жобалар көп. Солардың бірі қауіпсіздікке бағытталған. 2025 жылдың соңында университет аймақтағы қар көшкінінің алдын алу бойынша цифрлық жобаны сәтті жүзеге асырды. Бұдан бөлек, мұнда «Industrial AI» орталығы ашылды. Бұл орталық өндірістік процестерге интеллектуалды шешімдерді енгізумен айналысады. Мақсаты — жасанды интеллект технологияларын нақты өндіріс қажеттіліктеріне бейімдеп, кәсіпорындардың тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Ұлан Несіпқалиев, ЖОО-ның стратегиялық даму проректоры:
Өткен жылы біз жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламасын бастадық. Бұл бастаманы бастапқы сәттен-ақ көптеген студенттер қолдады. Студенттер үшін түрлі Demo day, хакатондар ұйымдастырамыз. Студенттердің жасанды интеллектті жобаларда қолдануға қызығушылығы байқалады. Кейде жасанды интеллекті үй тапсырмасын орындау үшін қолданатындар да бар. Бұл жағдайда университеттің ішкі ережелері бар. Жасанды интеллектті білім беру процесінде қолдану бойынша университетаралық стандарт қабылданған, қай жерде қолдануға болатыны анық көрсетілген.
ЖОО-ның студенттері де жасанды интелект бойынша ойларын жеткізді.
Оны мен күнделекті өмірде инструмент ретінде қолданамын. Ойымды саралауаға көмектеседі.... көмегін тигізеді.
Жасанды интелекті күнделікті оқу барысында қолданамын. Тақырыпты ашу, сұрақты шешу... қолданамын.
Иә, мен жасанды интеллекті белсенді түрде қолданамын. Магистрант болғандықтан көптеген зерттеулер жүргізу керек, жасанды интеллект маған жаңа идеялар мен жобаларға жаңа көзқарас береді.
Студенттер оқу процесінде жасанды интеллектіні белсенді қолдануда. Бұл оларға зерттеу жүргізіп, жаңа жоба мен идеяларды дамытуға көмектеседі.
Фатима Тілейханқызы