Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне ерекше назар аударды. Ел Президенті жеңілдетілген несие бағдарламаларын кеңейту, жастар кәсіпкерлігін ынталандыру, инвестиция тарту және цифрлық платформалар арқылы бизнесті жүргізуді жеңілдету қажеттігін атап өтті. Бұл – аймақтың экономикалық әлеуетін арттырып, жұмыспен қамтуды көбейтудің нақты жолы. Шығыс Қазақстан облысында экономиканы дамыту ісі ҚР-ның 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуде.
Өңір соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық даму жолында маңызды қадамдар жасап келеді. Жаңа жобалар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталды. Жұмыс орындарының көбеюі, білім мен денсаулық сапасының артуы өңірдің тұрақтылығына жол ашты.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Өскемен қаласының 2029 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес, 379 млрд.теңге бюджет қаражатын, және 744 млрд. теңге жеке инвестицияларды салу жоспарлануда. Арақатынасы 1/3. Бұл жаман емес, бірақ 1/5-ке дейін біз көтеруіміз қажет. Облыстың даму жоспары бойынша экономика өсімін қамтамасыз ету үшін өңірлік жобалау кеңсесі құрылды. Барлық қалалар мен аудандар бойынша экономикалық өсім нүктелерінің 5 жылдық жоспарлары ауылдық окгругтер бойынша да жол карталары бекітілді.
ШҚО бойынша 724 мыңнан астам тұрғын бар. Оның 384 мыңға жуығы жұмыс істейді. Бүгінде кәсіпкерлер жұмыс істеуші тұрғындар қатарының 50 пайызын құрап отыр. Аймақта 63 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. Осылайша, кәсіпкерлер ел экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмыспен қамтуға елеулі үлес қосып келеді.«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлерді белсенді қолдап келеді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерл¬ерді оқытудан бастап, оларға жеңілдетілген несиелер, субсидиялар, кепілдіктер ұсына отырып, шағын және орта бизнестің дамуына көмектесіп келеді. Бұл ең алдымен Қазақстан экономикасының әлеуетін арттыруға ықпал етуде. Қор арқылы жыл басынан субсидиялау бойынша 16,6 млрд теңгеге 153 жаңа жоба қолдау тапты.
Айгүл Қасымова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШҚОФ директоры:
2025 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры үлкен трансформациядан өтті. Осы жылдан бастап кепілдендіру шарттарын нарықтық шарттарға ауыстырып, кәсіпкерлер несиелік кепілдемелері бойынша комиссиялардың төлемдерін өздері төлейтін болды. Сондықтан олар 85 пайызға дейін несиелері бойынша кепілдендіру қамтамасыз ете алады. Кепілдемелер қайтарымсыз және шартсыз. Бұл несиені міндетті түрде кепілдемені төлеп өтеп береміз. Яғни қазір банктерден несие алу жағдайы жақсарды.
Кәсіпкерлер саны жылдан-жылға артып келеді. Елімізде кәсіпкерлерді қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылды.
Аяулым Усинова