Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ел дамуының негізгі бағыттарына тоқталып, мемлекеттік саясаттағы өзекті мәселелерді көтерді. Президент реформалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау екенін атап өтті. Сондай-ақ, қабылданған әрбір шешім ел азаматтарының өміріне тікелей әсер ететінін айтты.
Сұхбат барысында мемлекет дамуының бүгінгі бағыты мен болашақтағы басымдықтары кеңінен қамтылды. Президенттің айтуынша, мемлекеттік саясаттағы әрбір шешім ел мүддесіне сай қабылдануы тиіс. Бұл ретте қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау – басты құндылықтардың бірі. Мемлекет басшысы ел ішіндегі тұрақтылық пен өзара түсіністіктің экономикалық даму мен әлеуметтік әл-ауқаттың негізі екенін атап өтті. Осы ұстаным бүгінгі күні де өз жалғасын тауып келеді. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат халықтың сеніміне сүйеніп, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. Сұхбатта ел болашағы үшін жауапкершілік мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екені де айтылды.
Роза Тілеубаева, Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Меніңше үлкен мәселерлер қозғалды. Мемлекеттік саясаттың үлкен мәселелері талқыланды. Қабылданған шешім артында әрбір адамның, Қазақстан азаматының тағдыры тұр. Сол дәстүрді біздің ел Президетіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңғыртып жалғастырып отыр. Біз үшін, біздің қарапайым тұрғындар үшін бейбіттік пен келісім ең үлкен рухани байлық деп ойлаймын.
Талант Тұрсынов