Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Білімді ұрпақ – Ұлттық құрылтай көтерген бастамалардың тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға жастар, қоғамдық ұйым мүшелері, мәдениет пен ғылым саласының мамандары қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жастардың құқықтық және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру, волонтерлік қозғалысты дамыту, креативті индустрияны қолдау және тарихи жадыны сақтау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі білім мен мәдениеттің, рухани құндылықтардың рөліне ерекше назар аударылды.
Альфия Бақбаева, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:
2026 жылы біздің президентіміздің өткен құрылтайы мен жолдауының негізінде, соның аясында алынып отырған мына мәдени нысандар бар. Солардың мына рухани сананы дамыту, тарихты жаңғырту мәселесі қолға алынып отыр. Енді осы отырыста әр музей болсын, университет болсын солардың мына жай күйі, университеттің оқу барысы жайлы. Бүгінгі тақырыбымның баяндамасына келетін болсақ, қазіргі өлкетану музейінің даму саласы қалай жүргізіліп жатыр және құрылтайдағы цифрлық жаңғыру дейді, жаңа технологияға бағдар дейді сол мәселеге мына әр кәсіпорын қандай жаңашылдықтарын орындай алады және оны қалай жүргізеді. Оны мына ұрпаққа тиімді етіп, қызықты етіп, қалай қызығушылықтарын ояту мақсатында өзіміздің баяндамаларымызбен бөлісеміз деген ойламын.
Жиын барысында жастар ресурстық орталықтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми қауымдастық өкілдері өз баяндамаларын ұсынды.
Қорлан Туғамбаева, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы:
Осы Құрылтай тақырыбында сөз қозғауға келдік. Президент атап өткендей көптеген жаңа реформалар болады биылғы жылы. Бұдан бөлек өзекті мәселелерге де тоқталды. Бұл білім жағы, экология жағынан да, Арал теңізінің тартылып кетуіне байланысты. Соңғы әлеуметтік желідегі резанансты оқиғалар жайында да тоқталды. Жалпы осы жастардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соны негізі қатайту керек, Жастарға жеткізу керек, тек жастарға емес үлкендерге де жеткізуіміз керек. Бұл біздің басты мақсатымыз.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейтуге және Абай мұрасын білім беру мен мәдени жобалар арқылы кеңінен насихаттауға бағытталған шешім шығарылды.
Нұртас Қайролдаев