Глубокое ауданында зейнет жасына таяған ұстаз садақ атуға бет бұрды. Қысқа уақыттың ішінде халықаралық жарыста жеңіске жетіп, бүгінде елге танылды. Ең қызығы ол, отбасымен осы спортпен айналысқандықтан «Садақшылар әулеті» атанып кеткен. Әріптесім Бекарыс Секен кейіпкермен танысып қайтты.
Бекарыс Секен, тілші:
Отыз жыл мұғалім болып, бір жылда садақ ату өнерін меңгеріп, әлем чемпионы атану мүмкін бе?Әрине, мүмкін.Бұрын бор мен қалам ұстаған жан, қазір нысананы көздейді. Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған ардагер ұстазбен бүгін таныс боламыз.
Аяш Қабдоллаева спортты жанына серік еткен жан. Әсіресе жамбы атуды жетік меңгерген. Қолына садақ ұстағанына көп болмаса да, бірнеше жарыста жүлдегер атанған.
Аяш Қабдоллаева, Дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионы:
Кореяға негізі менде барам деген ой болған жоқ. Өйткені алыс жер, оның үстіне бір ақ жыл болған атып жүргеніме, бірден бассап бара салам деген мен үшін ауырлау болды. Содан кейін келінім Ажар, «мама сіздің мен нәтижеңізді көріп жүрмін, қорықпай барсаңызшы, барыңыз» деп оғанда келіспей жүргенмін, ұлым мама барып келіңіз деп екеуі екі жақтап қоймай көндірді
Көк туымыз көтеріліп, әнұран шырқалған кезде мен енді мақтаныш сезімі пайда болды. Өйткені мен өзімнің еліме кішкене болсын үлес қосқаныма сондай мақтанышты болдым. Бір жағынан сенбедім, бір жағынан мақтаныш сезім де болды.
Иә, мергеннің отбасы да ұлттық спортпен айналысады. Жерлестері «Садақшылар әулеті» деп мақтанады. Өйткені келіні Ажар Төлеуханова ұлттық құрама мүшесі болса, жұбайы Бақытбек Қабдоллаев Қазақстан чемпионы.
Бақытбек Қабдоллаев, Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионы:
Оның өзінің бір ынтасы болды. Ол басында біраз атып көрді, уақытта болмайды арасында. Сабақта жүреді, жұмыста жүреді. Ынтасы пайда болды. 1 жылдап асты міне атып жүргеніне. Сол жарыстарға алдында бір екі ай дайындалды, күніне 2,3 сағат кейде 4 сағат дайындалады.
Ажар Төлеуқанова, Дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионы:
Жалпы мына Қазақстан бойынша біз танымал отбасымыз. Барлығы бізге садақшылар отбасы дейді.Өйтені ата-енем, әке-шешем, барлығымыз садақ атамыз.
Бұдан бөлек, Аяш ханым оқушыларды қолөнерге баулиды. Күн сайын түрлі нақыштағы бұйым жасап, балалардың шығармашылық қабілетін дамытады.
Апаммен келген қан қазір бәрібір шықты. Көп жыл уақыт өткеннен кейін. Мен мектептен кеткеннен кейін 2022 жылдан бастап қолөнерді бастадым. Қолөнермен айналысып жатқан жайым бар. Қыздарға еліміздің ұлттық өнерін дәріптеп бойларына сіңірсем, өзімде үйреніп оларға да үйретіп өзіміздің болашақ ұрпаққа бойына өнерді, халқының мұрасын ұмытпасын деп сіңіріп жүрген жайым бар.
Кейіпкеріміз қолөнермен айналысатын ұл-қыздардың қатарын арттырып, алдағы уақытта садақ ату спортынан халықаралық жарыстарда топ жаруды жоспарлап отыр.
Бекарыс Секен