Өскемендегі №41 жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларға арналған заманауи медиа-студия жұмыс істеп тұр. Мұнда оқушылар апта сайын жаңалықтар шығарылымын және түрлі тақырыптағы подкасттарды дайындайды. Аталған мүмкіндіктер «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Білім ордасының өзге де жетістіктері туралы әріптесім Қымбат Иманғали тарқатсын.
Аймақта «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жеті заманауи білім беру ұйымы жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл жобаның мақсаты балаларды заманауи талаптарға сай, сапалы әрі тегін біліммен қамтамасыз ету. №41 мектепте этно-қолөнер, хореография, инклюзивті білім беру кабинеттері, сондай-ақ болашақ аспаздарға арналған жеке ас үй қарастырылған. Технология кабинеті оқушылардың шығармашылық және практикалық дағдыларын дамытуға толықтай бейімделген. Барлық оқу құралдары мен бұйымдар ұлттық этно-стильде жасалған. Мәселен, оқушылардың өз қолымен құрастырған этно-басқатырғыштары да ерекше көз тартады.
Заңғар Нұрланбек, Өскемен қ. №41 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәні мұғалімі:
Ағашпен, металлмен жұмыс істейміз. Жоспарға байланысты, қамшы өру ұлттық бұйымдар жасаймыз. Қазіргі таңда оқушылар қамшы өрумен айналысуда. Авторлық жұмысымыз десек те болады, басқатырғыштарды да өзіміз ойлап табамыз. Оны да ұлттық құндылықтардың негізінде жасадық. Балалар өздері жсайды. Барлық жұмыстарды балалар өздері орындайды, сыныптардың деңгейіне байланысты жасайды.
Мектепте сондай-ақ интеграцияланған STEM-кабинет жұмыс істейді. Мұнда физика, химия, биология, математика және технология пәндері бірлескен форматта оқытылады.
Әнуар Насыр, Өскемен қ. №41 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі:
Соған байланысты жаңа «Келешек мектебі» ретінде берілген зертханалық базалар бар ғой. Осы базаларды жұмыс жасап жатырмыз. Ашылғанымызға жарты жылдың көлемі болса да, ауқымды біраз жоспарға алып, жасап жатырмыз. Өйткені балаларымыз, нано зерттеулерді жасай отырып, үлкен проектілерді алып шығуға мүмкіндігі бар. Бұл тек мектепте ғана емес, университетпенен, 00:53СКЛ01:03 қарым-қатынас құрып жатырмыз.
Қазіргі таңда білім ордасында 900-ден астам оқушы білім алуда. Педагогикалық ұжымда 62 мұғалім қызмет етеді. Мектеп екі спортзалмен, акт залымен, асханамен толық жабдықталған. Сонымен қатар психолог, логопед және әлеуметтік педагог кабинеттері жұмыс істейді.
Динара Мұсабаева, Өскемен қ. №41 жалпы орта білім беретін мектептің директоры:
Бізде әртүрлі рекреациялар бар. Мысалы «Адал азамат», экологиялық тәрбиеге, бастауыш сыныптардың өзі толық құрал жабдықтармен жабдықталған. Үлкен медиа, библиотека толық оқулықтармен және әдеби кітаптармен жабдықталғын үлкен акт залымыз бар, мәжіліс залы сонымен қатар инклюзивті білім беруді қолдау орталығына байланысты инклюзивті білім беру кабинеті және сенсорлық бөлмелеріміз, сонымен қатар робототехника STEM зертханасы жұмыс жүргізіп жатыр.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, елімізде мектеп білімінің жаңа стандартын қалыптастырып келеді.
Қымбат Иманғали