Облыс орталығында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Түскен шағымдар мен тәртіптік істер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Күн тәртібіне сәйкес 4 тәртіптік іс қаралып, уәкілетті органдардың өкілдері тыңдалды.
Кеңестің күн тәртібінде Самар ауданына қатысты бірқатар тәртіптік іс қаралды. Атап айтқанда, Самар ауылдық округінің әкімі мен аудандық жер комиссиясының қызметіне байланысты фактілер талқыланды. Уәкілетті органдардың өкілдері тыңдалып, заң талаптарына сәйкес тиісті шешімдер қабылданды. Әдеп талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан кеңес мүшелері бұл бағыттағы бақылау мен түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да күшейтуді жоспарлап отыр.
Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы:
Күн тәртібіне сәйкес 4 тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік іс бойынша Самар ауданы, Самар ауылдық округінің әкіміне қатысты іс, Самар ауданының жер комиссиясына қатысты іс қаралды. Уәкілетті органдардың өкілдерін тыңдау бойынша тәртіптік істер бойынша тиісті заңды шешімдер қабылданды.
Кеңес барысында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижелері де жария етілді. Қызметтік әдеп талаптарын бұзу арқылы мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін 4 дерек анықталды. Сонымен қатар, 2025 жылы 1961 мемлекеттік қызметші анонимді сауалнамаға қатысқан.
Мира Бекқожина, ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:
2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын бұзу фактілері азайды. Өткен жылы барлығы тек 4 факт тіркелді. Аталған фактілердің барлығы әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, тиісті дисциплинарлық шаралар қабылданды. Жалпы, жергілікті атқарушы органдар тарапынан былтыр қылмыстық-процестік заңнама, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 721 алдын алу, түсіндіру шарасы өткізілді.
Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық жұмыстар мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп мәдениетін арттырып, тәртіптік құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
Фатима Тілейханқызы