Конституциялық комиссия қауымдастығы мен сарапшылар жаңа Конституцияның жобасын талқылауды жалғастыруда. Бұдан бөлек, азаматтардың ұсыныстарын қарастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазірдің өзінде, Ата заңға түзетулер ғана емес, оның мазмұны мен тұжырымдамалық тәсілдері түбегейлі өзгеруде. Конституция жобасы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырып, қоғамды одан әрі демократияландыруға жағдай жасайды. Азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар легі жалғасуда. Бүгінгі таңда олардың жалпы саны шамамен 5 мыңға жетті. Жаңа Конституцияның мәтіні жарияланғаннан кейінгі алғашқы үш күннің өзінде Конституциялық комиссияға күн сайын мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Елена Березинская-Абилова, Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:
Бүгінде жаңа Конституция жобасын талқылау белсенді түрде жүріп жатыр. Ең бастысы – әрқайсымыз бұл үдерістен тыс қалмауымыз керек. Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жоспарлануда. Бұл не үшін қажет? Қоғамдағы азамат ретіндегі өз орнымыздың тұрақтылығын сезініп, болашаққа сеніммен қарау үшін маңызды.
Бүгінде жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқылау үдерісіне азаматтардың белсенді қатысуын елдегі саяси жаңғырудың негізгі.