Бүркітшілер ауылы атанған Бозанбайдағы «Ainala» оңалту орталығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Балғындардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі салтанаттың басты сәніне айналған мерекелік жиынға ауыл тұрғындары, аудан қонақтары және ата-аналар қатысты.

Шараның мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың қоғамдағы орны мен маңызын айшықтау. Атлған орталықтың басшысы да келушілерді мейрамдарымыен құттықтап, оларға ыстық сәлемін жолдады.

Досжан Жақатаев, «Ainala» оңалту орталығының директоры:

Бозанбай ауылның балалары барлығы осында соларға арналған енді біздің жеке концерттік программамыз бар. Жәнеде біздің орларға деген сыйлықтармыз бар ойындар өтеді.

Мерекелік бағдарлама барысында аниматорлар балалардың көңілін көтеріп, түрлі қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырды. Әсем әуен мен шаттыққа толы атмосферада бүлдіршіндер би билеп, ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекенің қызығына бөленді. Келген ата-аналарда көтеріңкі көңіл күймен бүгінгі мерекенің ерекше екенін жасырмады.

Нұркамал Құралбек, ауыл тұрғыны:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып жатыр, осы орайда аудан әкімне, ауыл әкіміне, ауылдың мәдениет үйінің қызметкерлеріне көптен көп рақмет. Еліміздің болашағы болған балаларымыз аман болсын. Мұнда неше түрлі сыйлықтар таратылп жатыр, концерттік бағдарлама болып жатыр, балаларымыздың көңілі көтеріліп мәз болып жүрміз рақмет.

Концертке аудан әкіміде арнайы келіп, барша балақайларды мерекемен құттықтады. Бұдан бөлек, аталған орталықтың ем қабылдаушы балаларына арнайы сыйлықтар табыстап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жиынға келген балаларда өткен думанға өз әсерлерімен бөлісіп, келуші қауымға арнап кіршіксіз көңілдерімен өлең жолдарын арнады.

Ақтамберді Маркс, ауыл тұрғыны:

Рақмет саған мама, мені өмірге алып келгенің үшін. Рақмет саған мама.