«Заречье» демалыс орнында жазғы маусымның салтанатты ашылуы өтті. Қонақтар үшін арнайы «Жаз осы жерден басталады» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - отбасылық демалысты насихаттап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Демалыс орнында барлық отбасы мүшелеріне арналған түрлі мерекелік шаралар өтті. Балалар үшін анимациялық бағдарламалар мен экологиялық квесттер ұйымдастырылды. Ал ересектер шеберлік сабақтарына қатысып, қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалап, фермерлік өнімдерден дәм татты. Кәсіби нұсқаушылар мерекенің мазмұнды әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті.
Павел Серебрянников, «Заречье» саябақ-қонақ үйінің бренд-менеджері:
Бүгін біз жазғы маусымның ашылуын өткізіп жатырмыз. Мұнда садақ ату, крафт ойындары, әуе шары, шатырлы лагерь секілді түрлі шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, қолдан жасалған бұйымдар мен фермерлік өнімдер жәрмеңкесі өтуде, мұнда ірімшік пен сүт өнімдерінің кең таңдауы ұсынылған. Фуд-корт та жұмыс істейді. Қонақтар үшін би, ойын-сауықта қарастырылған. Яғни, көңілді демалыс үшін барлық жағдай жасалған.
Жаз маусымының ашылуына орай демалыс орнына отбасыларымен келгендер көп. Себебі мұндағы мерекелік бағдарлама ересектер мен балаларға арнайы ұйымдастырылған.
Максим Федин, Өскемен қаласының тұрғыны:
Керемет әсер алдық, демалыс өте жақсы өтті. Күн шуақты, мұнда баратын жер де, жейтін тағам да көп.Серуендеуге, велосипед тебуге, квадроцикл айдауға болады. Өзені де керемет. Отбасылық демалыс үшін таптырмас орын.
Маргарита Федина, Өскемен қаласының тұрғыны:
Отбасылық демалысқа өте жақсы дайындалған. Балаларға арналған түрлі локациялар, анимация, ойын-сауық жеткілікті. Ересектерге де мүмкіндік көп. Демалуға да, көңіл көтеруге де болады.
Мерекенің ерекше бөлігі фермерлік өнімдер жәрмеңкесі болды. Қатысушылардың бірі - алты жылдан бері ірімшік өндірумен айналысып келе жатқан Наталья Грицингер. Шебер өз жұмысында француз және итальян технологияларын қолданып, жоғары сапалы авторлық ірімшіктер әзірлейді.
Наталья Грицингер, кәсіпкер:
Ірімшіктердің созылмалы, жұмсақ бірнеше түрлері бар. Жалпы менде жиырмадан астам түрлі өнім бар. Сонымен қатар ешкі сүтінен де ірімшік жасаймын.
Осылайша, демалыс орнындағы жазғы маусымның ашылуы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мазмұнды мерекеге айналды.
Бекарыс Секен