Облыс орталығы ашық аспан астындағы үлкен өнер алаңына айналды. Ауқымды мерекенің негізгі орындары Арбат, Қасым Қайсенов атындағы саябақ, сондай-ақ Чехов және Горький көшелерінде өтті.Ұйымдастырушылар барлық жастағы тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мазмұнды әрі қызықты бағдарлама әзірледі.
Оskemen life фестивалі биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы фестиваль қала тұрғындарының оң бағасына ие болғандықтан, жобаны жалғастыру туралы шешім қабылданған. Сонымен қатар ұйымдастырушылар шараны демалыс күндері емес, жұмыс күндерінің бірінде өткізуді жөн көрді. Қала әкімінің сөзінше, мұндай игі бастамалар қала қонақтары мен облыс тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлайтынын жеткізді.
Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:
Өздеріңіз көріп отырғандай бүгін Өскемен лайф 2 фестивальі өтіп жатыр. Бірінші рет өткізген болатынбыз сол кезде халыққа ұнаған. Сол кезде халықтан көптеген жақсы пікірлер алдық. Мұның бәрі Катонқарағайда өтетін фестивальдің алдында болып жатыр. Келген қонақтармыз қаламыздың тіршілігін көрсін, қаламызбен таныссын деп. Енді мына жердің локациясынбілесіздер өте ыңғайлы орналасқан жер.
Бұдан бөлек, мұнда концерттік бағдарламадан басқа келушілерге арнайы ойын сауық бағдарламалары да қарастырылды. Осылайша жиналған қауым жаздың жаймашуақ кешін есте қаларлықтай етіп тамашалады.
Зарина Қабдығали, кәсіпкер:
Біздің туған қаламызда осындай тамаша жазғы фестиваль өтіп жатыр. Бұл – алыс-жақыннан, тіпті шетелден келген қонақтарға өңіріміздің бай тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін жақынырақ таныстыруға берілген үлкен мүмкіндік. Осындай ауқымды шараны ұйымдастырып, халықтың басын қосатын керемет алаң қалыптастырғаны үшін қала әкіміне зор алғысымды білдіремін. Айналаға қарасаңыз, адамдардың көтеріңкі көңіл күймен серуендеп, мерекенің шынайы атмосферасын сезініп жүргенін көресіз. Мұның өзі фестивальдің жоғары деңгейде өтіп жатқанын аңғартады. Баршаңызға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсер және тамаша кеш тілеймін.
Сондай-ақ, бұл ауқымды шара тек бір бағытты ғана қамтып қоймай, бірнеше локацияда қатар өрбіді. Әсіресе суретшілер мен тик-ток зона халықтың ерекше көңілінен шықты. Жиырмадан астам бағытты қатар қамтыған көңілді кеште танымал әншілерде өз өнерін көрсетті.
Ануар Ахметқалиев, Өскемен қ. Креативті индустрияны дамыту орталығы директорының орынбасары:
Қазіргі таңда екінші рет өтіп жатыр қаламызда бірінші рет 19 маусымда өткен биыл міне 9 маусымда өтіп жатыр. 22 локация бізде қарастырылған. Арбаттан бастап өздерінің жәрмеңкесін шығарып суретшілер сол жерде суреттерін салып береді. Одан бері келген кезде тик-ток зона аниматорлар қазіргі трендтарды түсіреді. Балалармен және жасөспірімдер мен видео түсіріп оларды жүктеп береді, оларға көрсетеді.
Бұл жазғы кеш қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлап, осылайша фестиваль алдағы жылдары да жалғасын таппақ.