Негізгі Жаңалықтар Білім сапасын арттыру - басты міндет

Білім сапасын арттыру - басты міндет

Марқакөл аудандық мәдениет үйінде жаңа оқу жылына арналған тамыз кеңесі өтті. Жиынға аудан әкімі, білім беру ұйымдарының педагогтері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Алқалы отырыста талқыланған мәселелер жөнінде келесі бейнематериалында. 

Білім саласын дамыту Марқакөл ауданының басым бағыттарының бірі. Қазір мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жас мамандарды тартуға және ауыл мектептерінің әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Рүстембек Кемешев, Марқакөл ауданының әкімі:

Әр-бір бала білім алуы керек. Әр балада білім алу үшін тең мүкіндіктер қарастылуы керек. Әр бала қауіпсіз ортада тәрбиеленуі керек. Әр қайсысының құқығы қорғалуы керек. Баланың қай жерде туғаны үлкен қалада немесе шағын ауылда туғаны оның білім алуына әсер етпеуі тиіс. 

Кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңнің негізгі міндеттері айқындалды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, ауыл мектептерін дамыту және кадр тапшылығын азайту мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ ауданда мектеп инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше назар аударылған. Соңғы үш жылда Марқакөлдегі шағын елді мекендерінде үш жаңа мектеп пайдалануға берілген.

Гүлбақыт Мұсаханова, Марқакөл аудандық білім бөлімінің басшысы:

Биылғы жаңа оқу жылының ерекшелігі жаңа конституциямызды бағдар етіп алғанымыз. Бұл жерде адам капиталының білінші орынға қойылғаны болып тұр. Жаңадан кіріп жатқан курстардың маңыздылығын атап өттік. Сондай-ақ адам капиталын дамытудаға педагоктерге берілген жауапкершіліктің артқанын атап өттік. 

Тамыз кеңесі аясында ауданның үздік педагогтері марапатталды. Олар білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби жетістіктері үшін арнайы құрметке ие болды.

Бейбітгүл Тұржанова, №1 Марқакөл орта мектебінің музыка пәні мұғалімі:

Бүгін ұстаздар үшін керемет күн. Әрине мен үшін де керемет күн болды. Себебі облыс әкімінің марапатына ие болып қуанышымыз көкке жетіп жатыр. 

Шара мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Ауданның өнер ұжымдары педагогтерге арнап ән айтып, биден шашу шашты. Ендігі кезекте ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылы, жаңа міндеттер мен жаңа жетістіктер күтіп тұр.

Нұртас Қайролдаев

Бөлісу