Өңірдің сандық айналымы бес негізгі бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтсақ, сандық экономика саласы, цифрлы мемлекетке көшу, «Цифрлық жібек жолы», адами капиталдың дамуы мен инновациялық экожүйені құру бағыттары. ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Марина Гагаринаның мәлімдеуінше, үшінші бағыт «Цифрлық жібек жолы» аясында облыстың 689 ауылының 475-і интернетке қосылған. Ал қосымша 159 елдімекен мемлекеттік жеке меншік серіктестік министрлік жобасы аясында іске қосылған. Ал қалған медициналық ұйымдарға қатысты жайттарды аймақ басшысы Даниал Ахметов егжей-тегжейлі анықтауды тапсырды. Бюджеттік қаражаттардың оңтайлы жұмсалу маңыздылығын атап өтіп, олардың интернет желісіне қосылуына қанша көлемдегі қаражат қажет екендігін есептеу керектігі айтылды. Ал экономика саласындағы цифрландыруға келетін болсақ, агросекторларда егін шаруашылығына қатысты жерсеріктік навигацияларды пайдалану элементтері енгізілуде. Жаңа технологиялар ферма иелеріне егінді себу уақытының көрсеткіштері мен ылғалдылығын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Электрондық форматта көрсетілетін қызметтер жыл көлемінде бес рет өсіп, 79 пайызды құрады. Автоматтандыру мен оңтайландыру жүйесінің негізінде клиенттерге қызмет көрсету уақыты қысқарды. Жеке кәсібіңізді ашуға бұрын 1 ай көлемінде уақыт қажет болған болса, қазір электрондық үкімет порталында небәрі жарты сағатта онлайн режимде қызмет көрсетіледі.