Әр жаңа жыл сайын бала атаулы ғажайып сиқырдың боларын күтеді. Дәл сондай бүлдіршіндердің қатарында жаңа жылды аурухана қабырғасында қарсы алатын балалар да бар. Мереке қарсаңында "Торпедо" хоккей клубының ойыншылары мен "Казцинк" қызметкерлері бірлесіп, жаңа жылдан жақсылық күткен кішкентай науқастарға сыйлықтар табыстап қайтты.Жаңа жыл- ғажайыптар мен сиқырға толы, сыйлықтар беріліп игілік жасалатын ерекше кезең. Мереке әсіресе балалар үшін өте маңызды. Жаңа жылды өз отбасымен қарсы алуға мүмкіндігі болмағандарға «Біздің басты жеңістеріміз - балаларға!" акциясы үлкен қуаныш сыйлады. Дәстүрлі шара облыстық «Ана мен бала» орталығында қатарынан төртінші жыл өткізіліп келеді. Жанкүйерлер желтоқсан айындағы хоккей командасының ойындарына ойыншықтар әкеліп, соңғы сиренадан кейін оларды мұзға лақтырады.Бір ай бойы қайырымды қала тұрғындары арасынан орталыққа ойыншықтар жиналған. Аталған акцияға қатысушылар жаңа жыл түнінде тамшыдай болсын жақсылық жасау аса маңызды деп біледі.Екінші жыл қатарынан акцияны блогерлер де қолдап келеді. Олар сыйлықтар жинауға көмектесіп балаларға нағыз жаңа жылдық әсер сыйлады.Ана мен бала орталығының үш жүзге жуық емделушісі жаңа жылдық сыйлыққа ие болды. Бұл мерекенің ерекше есте қалары сөзсіз.