14-ші ақпан  халықаралық кітап сыйлау күні.  Осы күні облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапқа деген махаббат» атты іс-шара өтті. Аталған акцияға облыс орталығындағы зиялы  қауым өкілдері арнайы барды.  Игілікті шара жайлы тілші бейнематериалында.

Салтанатты шара шымылдығы оқушылар дайындаған әуезді  әнмен түрілді. Ойын-сауыққа ұласып, оқырмандар арасында еркін форматта сұхбат өткізілді. Мұндағы басты мақсат жас өренедердің кітапқа деген қызығушылығын ояту. Сондай-ақ, кітапханадағы туындылар қорын молайтып, ондағы тың шығармаларды насихаттау.

Зиялы қауым өкілдері жиын барысында жас оқырмандарға кітаптар табыстады. Ізгі тілектерін жолдап, ақын-жазушылардың  шығармаларынан үзік сыр шетті. Шара аясында айтулы күннің мән-мазмұны түсіндірілді.

Сондай-ақ,  балаларға арналып жазылған көркем әдеби туындылар жайында әңгімеленді.

Жалпы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 155 мыңнан астам кітап қоры бар. Оның 122 мыңға жуығы баларға арналған шығармалар.

Адамдар бір-біріне жақсы кітаптар сыйласа, білім алуға шабыттанса,кітаптың құнды сыйлық болып қалатынын ұығынса әлем өзгерер еді депті белгілі қаламгерлердің бірі. Әрине жақсы жағына. Оқырман бола біліңіз, оның өзі боямасыз шын жетістік.