«Бақты» кеден бекетінен тәркіленген декларацияланбаған тауарлар балалар мен қарттар үйлеріне және медициналық-әлеуметтік мекемелерге тапсырылды. Тауардың 982 түрі бар. Негізінен киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар және шығармашылыққа арналған бұйымдар.

Өткен жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының кедендік бақылау қызметкерлері Қытайдан Венгрияға заңсыз тасымалданған тауарларды тәркіледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүк уақытша ұстау қоймаларында бір жылдан астам уақыт жатты. Иесі кері экспорттаудан бас тартқан. Көп ұзамай заттарды әлеуметтік мекемелерге тегін беру туралы шешім қабылданды.

Жалпы, кедендік бақылау қызметкерлері халық тұтынатын тауарлар салынған 982 қорапты тәркіледі. Олар киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар, шығармашылық пен тұрмыста қолданылатын тауарлар. Жалпы құны 40 миллион теңгеден асады.

Айта кетерлігі, мұндай жағдай облыста алғаш рет болып отыр. Тауарларды беру үшін балалар мен қарттар үйінің және медициналық-әлеуметтік мекемелердің өкілдері шақырылды.