«Алтай Торпедо» ойыншылары жанкүйерлерін тамаша ойын өрнегімен қуантуда. Жергілікті хоккей клубының шабуылшысы 21 жастағы Даниил Тихомиров қарағандылық «Сарыарқа» командасымен кездесуде ерекше әдіс-тәсілдерімен қолдаушыларын сүйсіндірді. Оның салған голы командасын негізгі уақытта абыроймен ойнауға ғана көмектеспей, маусымдағы үздік голдардың бірі атануы мүмкін. Жас торпедалықтардың тәжірибелі «Сарыарқа» командасымен кезекті екінші ойыны көпшіліктің есінен әлі кете қоймайтын сияқты. Дегенмен есеп бірінші кезеңнің ортасында жергілікті команданың еншісіне ашылар еді, бірақ ұпай саналмады. Төрешілер қақпашыға кедергі жасалды деп гол есепке алынбады. Торпедалықтардың сәтсіз шабуылынан кейін қарағандылық хоккейші Эмиль Нұрғалиев 0:1 ұпайымен есеп ашты. Десе де кездесудің ең қызығы алда еді. 29 минутта «Алтай Торпедоның» шабуылшысы Даниил Тихомиров онлайн-жанкүйерлерге тосын сый жасағандай болды. Ерекше әдіспен лакросс-голдың авторы атанып, есепті 1:1 ге теңестірді. Тек тартысты бәсекенің соңы «Сарыарқаның» жеңісімен аяқталды. Буллиттер сериясында қарсылас команда ұпайларымен алға шықты.