240 жылдық мерейтой аясында Риддер қаласында «Риддер – кенді Алтайдың кереметі» атты облыстық айтыс өтті. Сахна төрінде аймақтың дарынды ақындары мен айтыскерлері бас қосты.
Ақындар айтысы мерейтойлық бағдарламаның басты оқиғаларының біріне айналды. Қазылар алқасының құрамында танымал мәдениет қайраткерлері мен айтыстың саңлағы атанған Ринат Зайытов болды. Риддер үшін бұл жоба ерекше маңызға ие – қала мұндай деңгейдегі сөз шеберлерін алғаш рет қабылдап отыр.
Қаныбек Төлеухан, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:
Міне бүгін бізде Риддердің 240 жылдығына орай облыстық айтыс өтіп жатыр. Бұл енді біздің Риддер қаласында тұңғыш рет өтіп жатқан іс-шара. Онға жуық өңіріміздің ең мықты айтыскерлері қатысып жатыр. Өткір ойлары мен орамды сөздері мен халықтың қошеметіне бөленіп жатыр өздеріңіз көріп жатырсыз.
Сөз барымтасына Өскемен қаласы, Зайсан, Катонқарағай ауданы және Тарбағатай ауданы өңірлерінен келген ақындар бақ сынады. Суырыпсалма өнерпаздардың басым бөлігі Риддер қаласына алғаш рет табан тіреген.
Айғаным Балғабаева, айтыскер ақын:
Риддерге алғаш рет келіп тұрмын. Тамаша табиғаты керемет Швейцариядан кем түспейді. Айтыс жоғары деңшейде өтті деп айта аламын. Ағаларымыз, апаларымсыз отырған қолдауларын білдіріп жатыр.
Айтыскер ақындардың айтуынша, мұндай ауқымды шараның Риддер қаласында өтуі ұлттық өнерді дамытуға және өңірдің шығармашыл жастарын біріктіруге зор ықпал ететін маңызды оқиға болғанын алға тартады.
Қуаныш Еркінұлы, айтыскер ақын:
Жалпы Риддерде айтыстың өтуі қазақ руханиятының жеңісі деп ойлаймын. Үйткені бұл жерде қаншама іс-шаралардың өтіп жатқанын біз біліпте жүрміз көріпте жүреміз дегенмен айтыстың көші бүгін Риддерге ат басын бұрып отыр. Бұл біздің руханиятымыздың тіліміздің жеңісі. Осындағы халықытың руханиятының оянып жатқаныдығының көрінісі.
Жарыс қорытындысы бойынша дүбірлі доданың бас жүлдесін Зайсаннан келген Ұларбек Жеңісбекұлы жеңіп алды. Ақындар аламанына қатысқан барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Нұрдәулет Қалибеков