А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты және қауымдастырылған профессор Ғалымжан Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты екі томдық кітабының тұсаукесері өтті. Шара Әкелер күні қарсаңында ұйымдастырылып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттауға арналды. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, әскери қызметшілер,оқырмандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Су жаңа туынды – автордың көпжылдық еңбегінің жемісі. Мұнда өмірлік тәжірибесі мен адам болмысы және рухани құндылықтар туралы толғаныстары жазылған. Сондай – ақ отбасылық құндылықтар, ұлттық тәрбие, рухани даму жайы да баяндалады. Басылымның негізіне автордың ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеулері мен аға буын өкілдерінен жинаған әңгімелері алынған.

Ғалымжан Керімбек, экономика ғылымдарының кандидаты: 

Бұл кітапты бала кезден жинап жүрген еңбектерім. Менің атадан, әжеден, әкеден, анадан естіген әңгімелерімді бәрін естіп, жинақтап, «Бақытты ғұмыр» деген кітапты жазып шығып отырмын. Бұл ендң 40 жылдан бергі еңбегімнің нәтижесі.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Хамитов, қоғам қайраткері әрі «Нұр сана» білім беру орталығының негізін қалаушы Нұрия Темірбекова, кәсіпкер және меценат Қайрат Мусин, сондай-ақ облыстық кітапхана директоры Назым Тілеубекова қатысты. Олар авторға ізгі тілектерін білдіріп, туындыға оң бағасын берді. 

Ержан Хамитов, ШҚО Қорғаныс істері департаменті бастығының бірінші орынбасары: 

Әр Қазақстанның азаматы десем болады, осы кітапты оқу арқылы өзіміздің қазағымыздың, мемлекетіміздің құндылықтарын жоғалтпайтындай осындай мағынасы бар кітапта көрсетілген біздің болашақ керекті мәліметтерімізді осы кітапта жазылған екен.

Шараның көркін Ұлан ауданынан келген «Әжелер алқасы» қыздыра түсті. Ақ жаулықты аналар ақжарма тілектерін айтып, ән орындады. 

Гүлбаршын Абылғазинова, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі: 

Кітап өте құнды, кітап төрт бөлімнен тұрады. Әрбір бөлімде отбасы құндылығына байланысты, салт-дәстүрге байланысты, ұмытылып бара жатқан сөздерге байланысты, бала тәрбиесіне байланысты мәліметтер қамтылған.

Кеште дәстүрлі әнші Дәулет Қабдоллаевта өз өнерін паш етті. Басқосуға жиналғандар өзара пікір алмасып, отбасылық тәрбие мәселелерін талқылады. 

  Аяулым Усинова